Ninety-OИЕның қазаққа берері мен алары
жеке
блог

Ninety-OИЕның қазаққа берері мен алары

Бүгін құрбы-құрдастармен кішігірім ой жүгіртіп, пікір-сайыс жасағанбыз. Тақырыбымыз 91-лер жайлы болған-ды. Нақтырақ айтқанда қазақ қоғамына әсері хақында. Расымен де, қоғамда мейлі позитивті жағынан болсын, мейлі негативті жағынан болсын таңданыс әкелгені рас-ты. Сонымен Ninty-One қазаққа қажет пе саралап көрелік...

 

Позитив(91-лердің фандарының сөзі): 

  1. Қазақстанды халықаралық өнер аренасында танытып жатыр: бүгінгі күні әлем бойынша 40 мыңға жуық тыңдарманы бар екен-мыс. Оның 15 мыңға жуығы елімізде. 
  2. Қаражаттарының белгілі бөлігін мұқтаж, науқас адамдарға бөледі екен(құптарлық дүние, бірақ меніңше "пиар ход")
  3. Жаңашылдық. Кәрістің K-POPын тыңдағанша, қазақтың Q-POPын тыңдасын дейді. Яғни, жаңа стиль - Q-POP.

 

Негатив:

  1. Қазақтың туа бітті өнерінің көлеңкеде қалып қалу қауіпі. Нақтырақ айтсақ, Канадалық бір блогер былай депті-мыс: "Мен осы кезге дейін Қазақстан деген елді білмеппін және онда корей стилінде ән айтатынына таң қалдым. Керемет." Бұл жерде халықаралық арена мына кісілерді корей стилінде қарсы алып тұр. Анау айтқандай қазақылықтың майы тамып тұрған жоқ.(аты шулы Боратты көрегнде де әлем таң қалып таныған).
  2. Бөліну. Цитата: "Бір ұлтты жер бетінен жоқ қылғың келсе өнерден баста". Осы топ құрылғалы бері қаракөздер бір-біріне қарсы шығып, талғаммен шайқасып, соңын дәстүрмен, ұлттық өнермен салыстырып бағуда.
  3. Тілдік құрылым. "Ауырады басым менің, менің басым ауырады неге" деген секілді өлең жолдарына қатысты.
  4. Ұрпақ. Бұл үрдіс жалғаса берсе, яғни 91-лердің корей стильінде киініп, боянып ұрпақтың санасын улай берсе, ертеңгі күніміз жел тисе ұшып кетердей корей жігіттеріне немесе голландтық(кейінгі уақытта жалпы еуропалық) демографиялық құлдырауға алып келуі мүмкін...


Жалпы поп-музыканы таңдайтындар тыңдар, фанаттары көбейер, бірақ бұл жігіттер өздерінің әндерінің мағынасын, ұйқасын және сыртқы қалыптарын ретке келтірсе игі болар еді.Сіз қалай ойлайсыз? Қажет пе?