Мезі еткен сауалдар

Өмір болған соң барлығымыздың белгілі бір кезеңдерден өтеріміз анық. Сол сәттерде әр қайсымыз әр жақта, әр қалай өмір сүрсек те бірдей сұрақтарды еститініміз рас емес пе? Мен оларды «мезі еткен сауалдар» деген қатарға енгізер едім.

Есіңізде ме, бала кезде үйге келген қонақ міндетті түрде сізден «Кімнің баласысың?», «Мамаңды жақсы көресің бе, жоқ папаңды ма? Қайсысын қатты жақсы көресің?» деп сұраушы еді ғой. Басында бұл сұраққа былдырлап жауап бересің, кейін есейе келе осы сұрақты естісең жының ұстайтын болады. Қазір ойлаймын осы сауалды кім ойлап тапты екен деп. Алғашқысы мейлі, екіншісін айтамын да. Құдай-ау, әке-шеше деген екі қанатың сияқты емес пе? Бір қанатың болмаса, жалғыз қанатпен қалай ұшатының сияқты, біреуін біреуінен артық қалай жақсы көресің? Екеуі де сен үшін өмірдегі ең асыл адамдар емес пе? Жә, бұл кезеңнен өттіңіз.

Енді тоғызыншы сыныпқа келдіңіз. Бұл кезде бәріміз міндетті түрде «Тоғызды аяқтап колледжге түсесің бе, әлде он бірінші сыныпқа қаласың ба?» деген сауалды естиміз. Одан кейін Құдай сақтап мен естімей қалған «Әскерге барасың ба?» деген ұлдардың керісінше айтқанда «любимый» сұрағы. Колледжге кеткендердің жайына тоқталмайын себебі ол маған таныс емес. Он бірінші сыныпқа қалған соң көпшіліктен естіген сұрағым «Қандай пән таңдайсың?», «Қандай мамандыққа тапсырасың?», «Қандай оқу орындарын таңдап жатсың?». Алла қолдап оқу орнына түсіп бұл кезеңді аяқтаған кезде кәдімгідей қуанып қаласың. Себебі, оқуға түсу деген керемет қой.

Ал, енді оқуды аяқтауға шақ қалғанда студенттер арасындағы ең «хитовый» сұрақ «Магистратураға тапсырасың ба?», «Алматыда қаласың ба?» . Негізі бұл ауыр сұрақтар қатарына жатады. Неге екенін бітірушілер жақсы түсінеді.

Мә, мұны қоя беріңіз. Жоғарыдағының бәрі ендігі кезеңдегі сұрақтың қасында ойнамай қалады. Себебі, мен оны «Добро пожаловать...» деп айтар едім. Үлкен қалаларды қайдам, ауыл мен кішкентай қалаларда «Қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақ «Алло» әні сияқты нағыз хит қой. Әсіресе, адамның жүйкесіне тиісуді жақсы көретіндер үшін. Ия, көзді ашып-жұмғанша менде осы кезеңнің алғашқы табалдырығын аттаған сияқтымын. Өйткені, кейбір адамдардан осы сұрақты естуді бастадым. Ұлдар қауымы да «Қашан үйленесің?» дегенді естіп жүрген болар. Мейлі қойсын, сұрасын, бірақ қасына қосымша «комментарий» айтпаса ғой деймін да.

P.S: Шүкір көзі ашық адамдар маған әлі бұл сұрақты қоймады. Тек еріккенге ермек іздеп жүргендерден естідім. Ары қарай не боларын көреміз)).

Сіздерге де осы сауалдар таныс болар, бөлісе отырыңыздар...

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: