7 сәуір – халықаралық денсаулық күні

 7 сәуір – халықаралық денсаулық күні
жеке
блог

 

         Денсаулық – адам жанының басты байлығы. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ.

              Қаным қайнап барады, қаным қайнап,

               Бір амал тап, дәрігер, халімді ойлап.

               Алаурыттқан ақынның қолын байлап,

              Әкетпесін ажал кеп өлімге айдап, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырына  арқау   еткендей,басы  ауырып, балтыры сыздаған адамзат  баласы тек  дәрігерлер  көмегіне  жүгініп, одан жанына  шипа сұрары  анық. Тіпті, өлім мен өмір  ортасында  арпалысып, Жаратқаннан жәрдем сұрап жатқан  әр пенденің соңғы үміті  осы  ақ  халаттылар  арқылы  қайта  тұтанары ақиқат. Дәрігер  қашан да адам жанының арашашысы, ауырып, қажығанда  арқа сүйеп, жаны  қысылғандардың жанынан табылатын қайырымды  қамқоршысы.

        Дәрігер –  дарындық  қасиеті бар  киелі  мамандық. Бірақ, мамандығы дәрігер  болса да, солардың бәрі  бірдей  аты  шығып, абырой мен  беделге  ие  бола  бермейді. Нағыз  дәрігер ең  алдымен адамгершілігімен, біліктілігімен  және кішіпейіл, мейірімділігімен  танылып, өзгелерден  ерекшеленеді. Бұл  ешбір  дәлелді  қажет  етпейді. Олардың  қаншалықты  білікті екенін  халық  өзі  сараптап, танып, біледі. Дегенмен де ондай жандар баршылық.

         Бір  ғасырдан астам  уақыт  ішінде  өсіп, өркендеп  дами түскен  медицина  саласының, осы  бағытта  жұмыс  жасаған  білікті  ғалымдарымыз  бен  жоғары санатты,  әрі  тәжірибелі  абзал  жандар – дәрігерлеріміздің  білімдерін  жетілдіріп, кемелденуінің  арқасы. Сондықтан  да  әрқашан  адам  жанының  арашашысы  дәрігерлерге  деген  көзқарасымыз, оларға  деген  сеніміміз  берік  болуға  тиіс.  Дәрігерлер де – адам  баласы. «Жақсы  сөз – жарым ырыс» демекші, дәрігерлерге  де  алғыс пен  құрмет , жақсы  сөз  бен  арналған  ақ  тілектер  қажет.  Сол  себепті де, әрбір  жан  өзінің  емдеуші  дәрігерін  «менің  дәрігерім – менің  қорғаушым» деп  түсінсе, бәрі  жинақтала   келе  адамның  сол  алақаны  аялы, жүздері  мейірімге  толы  дәрігерге  деген  махаббатын, дәрігерге  деген  сүйіспеншілігін, құрметін  арттырары  сөзсіз. Адам жанының арашашысы атанған осы қызығы мен қиыншылығы мол кәсіпті таңдап, еліне еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың мерейі әрдайым үстем болса деп тілеймін.