Махаббатым, арманым, асылым ең...
жеке
блог

Махаббатым, арманым, асылым ең...

 

Махаббатым,арманым,асылым ең,
Бір сәтке қауышуға асығып ем,
Ақылымның айтқанына ешбір көнбей
Қиялымда бірге едік сенімен мен.

Білмеп ем сезім мұндай болатынын,
Бір қуантып,бір мұңайтып алатынын,
Сен менің бұл сырымды білгеніңмен
Мен сен үшін соңғы орында қалатынмын...

Уақыт деген зымырап ағып жатты,
Балалық армандарым артта қапты.
Ал сезім ше?Сезімім қайда қалды?!
Сөйтсем,ол,жүрегімде паналапты...