30 жылдан кейінгі таңғаларлық кездесу

Эххх, керемет сезімде отырмын. Осы бір оқиғаны көріп, бір жағынан мұңайып, бір жағынан көңілім қуанышқа толы болды. Бастайық. 1988 жылы қос ғашық: суретші-перформанист Марина Абрамович және Уве Лайсис (Улай) барлық шығармашылық адамдар секілді, белгісіз бір себептермен айырылысуды жөн көреді. Олар сол кездегі Ұлы Қытай қорғанында екі жаққа бөлініп, бір-бірін құшақтап, соңғы рет көрісуіміз деп уәде беріп, бір-бірінің өмірлерінен жоғалып кетеді.

Бірақ өмір деген кез келген сәтте 100% өзгеріп кетуі мүмкін.  2010 жылы Нью Йоркте суретші Марина өзінің "Көз – ішкі жан дүниенің айнасы" деген арт-перформансын жүргізеді. Бұл перформанстың негізгі идеясы қарама-қарсы отырған кез келген адамның көзіне қарап отырып, тыныштық минутымен бөлісу. Сол көрсетілімде 716 сағат ішінде Марина 1500 адамның көзіне қараған. Осы сәтте оған қарама-қарсы 30 жыл бойы көрмеген бұрыңғы ғашығы отырады. Сол кезде Марина көзіне жас алып, ерекше сезімде болады. Осы бір видео барық дүние жүзіне тарап, махаббат сезімі бар екенін дәлелдеп, бүкіл әлемді таң қалдырған болатын. 

Менде осы сәтті пайдаланып, видеоны көруге кеңес беремін. Көрсеңізде, тағы бір көріп шығыңыз. Мен бұл сәтті өлер алдында барлық болған сәтті еске алумен теңейтін шығармын. Себебі, Марина Увеге қарар кезде гүлденіп, ерекше бір сезімге бөленгенін байқадым. Сол 30 жыл бұрын бірге болған әр сәтті, әр құшақты, әр сезімді бір ғана көзқараспен еске түсірді деп ойлаймын. Осыдан кейін қандай оқиға болғанын білмеймін. Бірақ осы минуттық махаббат сезіміне батырған Марина мен Увеге алғысым шексіз. Жаныңызда жүрген жанды бағалаңыз, аялаңыз, сүйіңіз. Өмір қалай айналып кететінін білмей қаласын! 

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Бөлісу: