Ана

Әрбір ақын ән арнаған ана жайлы айтпау мүлдем мүмкін емес. Әркімнің тіпті ұшқан құстың да,еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін анасына деген махаббаты шексіз.Ана деген сөзді естіген әрбір адамның жүрегі дүрсіл қағатыны рас."Айға да,жұлдызға да теңеп,бауыр етім балам"-деп ақ сүтін беріп аялайды. Ана үш әріптен құралса да астарында үлкен мағына,терең ой жатыр.Қазақта: "ана сүтін ақтамағанды ешкім мақатамайды"-деген сөз бар. Шынына келсек, қыйн қыстау кезеңде жауға шапқан батырларымызды да, атақты ақын-жырауларымызды да анамыз тапқан.

  Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен ең қасиетті, алтыннан да қымбат жан.Аналардың барлығы да өз баласын жақсы көреді,аялайды...Қанша жерден жұмыстан шаршап келсе де балаларын ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған.Балаларын тыңдап оларды мақтап,мадақтап-"менің балам әлемдегі ең керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір"-деп қана айтып жүретін.Ал біз балалары ананың қадірін көп біле бермейміз...Үнемі анамызға дөрекі сөйлеп, қыйн жағдайға қалдырамыз. Халқымыз қазақ: " қолда бар алтынның қадірі жоқ"- дейді,  біз анамызды құрмет тұтуымыз керек. Анамыз тірі тұрғанда оны аялап, әлпештеп қолда бар алтынымызды сақтайық!



Бөлісу: