СЕЗІМ КІЛТІ
жеке
блог

СЕЗІМ КІЛТІ

СЕЗІМ КІЛТІ

 

«Бір мен үшін жаратылдың білгейсің,

Құлай сені сүйгенімді білмейсің.

Қол ұстасып жүрсеңдағы менімен,

Өзгені ойлап, қу көзіңді ілмейсің.

 

Біле тұра, жастықты, жұмақ күнді,

Бір сен үшін жүрегім жылап тұрды.

Бақытымды қолымнан ұшырсам мен,

«Қалай күлем?» дейтұғын сұрақ тұрды.

 

Қамал болдың, жүрегімде қаландың,

Еркеледің кең төсінде далаңның.

Қайтара көр, пәк сезімді бұрынғы,

Я, жаратқан, мен де сенің балаңмын».

 

Деп сұрады, үзе алмады үмітті,

Жойды, жойды, бойындағы күдікті.

Сүйгенінің көре тұра қылығын,

Ақымақ қыз өз жүрегін тіліпті.

 

Сезімнің де кілті бар, құлыптың да,

Қыз байқұстың жүрегін жұлып тынба,

Өзгелерден айтылған сөзді емес,

Өзіңді ұқ, жүректі ұйып тыңда.