Түркістанның Шыңғыс xаны
жеке
блог

Түркістанның Шыңғыс xаны

Түркістанның Шыңғыс xаны.

Адалдық. Абырой. Отанға қызмет ету.

Үш басты сөзі Жылқайдардың немересі Тұрардың өмірлік басты ұстанымдары болған. Иә, иә Талғарда туылып, аталары Ақсу-Жабағалы мен Түлкібасты мекендеп, білімін Меркі жеріндегі Аспарадан алып, Бәйдібек бабадан Дулат кейінгі Шымырдан тараған тұлға, Меркіде оқып жүріп уақытша тегі Қырғызбаев болған, жалғыз қарындасы Түйметайы бар, орыс империясына қарсы шыққан Ақкөз Қосанұлына қосылып болашақ қайың ағасымен арпалысып оны ату жазасына бұйырған, Түркістан еліне университет қажеттілігін Ленинге жеткізген, 25 жасында Ел басқару келген, Түркісіб теміржол идеясын ұсынып оның салынуына атсалысқан, Моңғолия жеріндегі Улан-баторды астана қылып кеткен, моңғолдардың құрылтайын өткізуге жәрдемдескен, екі орыс әйел алып бірақ көңіл жарыса алмай қазақтан туған Әзизаны іздеп барып тапқан, бір ұл төрт қыздың әкесі, Қазақтың жерін анау Орынбордан бастап Ташкентке дейін, Арқанкелгеннен Тарбағатайға дейінгі жерді Тәуелсіз ел қылам деп арманына жете алмай кеткен, Кеңес үкіметінін кедейлерді жебеуші қылып, байлардың бар малымен жерін қарны аштарға таратуға себепші болған қазақтың маңдайына туа біткен Рысқұлұлы Тұрар болмақ.

Осы жазбам жазулының басты себебі, Шерxан Мұртаза атамның "Қызыл жебе" кітабы. Кітапты оқып және тыңдап шығуыма екі ай уақыт алыпты. Қазақтың кең байтақ даласынан Кеңес үкіметінің құрылуына атсалысып, көз майы мен күш жігерін аямай еңбек етіп, сол Кеңес үкіметінің үкімімен атылып кеткен қайран бабам. Ол жалғыз емес, Алаш арыстары, қазақтың зиялы қауым өкілдері, қысқаша айтқанда өткен ғасырдың 30 - жылдары ең ауыр, ең қайғылы, ең сорақы жылдар болды. Жүректен ешқашан ұмтылмас. Шерxан атамыздың бес томдық "Қызыл Жебе" кітабын оқуға кеңес берем. Еш өкінбессіздер.