Көмегі көп қосымшалар

Көмегі көп қосымшалар
жеке
блог

Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Бірде жақсы, бірде жаман. Мысалы: сіз көшеден өтіп бара жатырсыз, бір жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті сіз не істейсіз? (жедел жәрдем келгенше) Осындай түрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсетуді білесіз бе? (суға батып кету, талып қалу т.б.)

Көпшілігіміз алғашқы көмек көрсетуді білмейтініміз рас. Интернеттен, кітаптан оқуға ерінетінімізде өтірік емес. Бұндай кезде сіздерге көмекке мобильді қосымша келеді ))). Қазір кез-келген адамда смартфон бар. Смартфонның бетін бір-екі рет сипап жіберу арқылы қосымшаны жүктей аласыздар. Ал, енді, “Ол қандай қосымша?” - деген сұрақ туындап отырған шығар. Қазір сіздерге алғашқы көмек көрсету туралы бір-екі қосымша жайлы айтып өтемін.

1.Неотложная помощь деген алғашқы көмек көрсету жайлы қосымша бірақ орысша (қазақша білмесекте орысшаны судай сапырамызғой).

Бұл қосымшада күйіп қалу, есінен тану, жүрек талмасы, электр тогы (найзағай ұрған кезде), улану кезінде т.б. жағдайларда алғашқы көмек көрсету жайлы жазылған. Одан басқа Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина елдерінің жедел жәрдем және құтқару қызметінің телефоны жазылған.Алғашқы көмек

алғашқы көмек

2.Домашний доктор - пайдасы өте зор қосымша. Бұл қосымшадан әр-түрлі аурулар туралы, олардың емдеу жолдарын біле аласыздар. Әр-түрлі психологиялық жаттығулар, өсімдіктерден дәрі жасау, дәрілерге анықтама және алғашқы көмек көрсету жайлы жазылған.алғашқы көмек

Осы екі қосымшаны жүктеу арқылы сіз алғашқы көмек көрсету жолдарын білетін боласыз.

P.S. 19 наурыз күні мектебімізде бір адам талып қалды, бүкіл мектеп жабылып жүріп жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетті. Осындай жағдайларда абдырап қалмас үшін барлығымыз алғашқы көмек көрсетуді білуіміз керек деп ойлаймын. Өзім осы қосымшалардан біраз нәрсе үйрендім. Сіздергеде пайдасы тиіп жатса жақсы болады.

Сіз алғашқы көмек көрсетіп белесіз бе?