Мен жастарға сенемін

Мен жастарға сенемін
жеке
блог

Мен жастарға сенемін

Асқақ арман мақсат тұңған бойымызда,

Кедергілер болсадағы бойымызда.

Жалындаған жастары алты алаштың

Еліміздің болашағы қолымызда.

Жастарымыз Мағжан сеңгең арыстаны,

Мұқағали,  Абайдың жыр дастаны.

Білім, ғылым жолындағы қаһармандар,

Азаттықтың қатар атқан арай таңы.

Жастар дейтін жалыны бар жұлқынған.

Биігіне өмір дейтін ұмтылған,

Көк аспанға көк туымды көтерсе

Қарап тұрып сүйсінемін сыртынан.

Жастар дейтін жігері мол өр тұлға,

Қарсы тұрып өмір дейтін толқынға

Көк аспанға көк туымды көтерсе,

Ұлағатты із қалатын артында.

Жастар дейтін қалықтайтын қанатым,

Шының алда, әлі талай алатын

Қазағымның қырандары көрінсе,

 Күллі әлем тамсанумен қарасын.

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу

Мемлекеттік университетінің студенті

Мухамеджан Камшат