Сезім сыры
жеке
блог

Сезім сыры

Махаббаттың ізі — сезім, әміршісі — жүрек, пайдасы ой ойлатпайды екен. Бірақ мына өмірде өмірдің әр сәтін бақыт деп бағалау керек. Сезім-өзімді ұнатқанды ұнатуды, жылатқанды жылатуды, кiнәсiздi тусiнiп кешiрудi, кiнәлiден кешiрiм суратуды, келместі сағынбауды, бүгінді бағалауды үйретті. Сезімнен нәзік, бірақ күшті нәрсе жоқ, оған көп беріле беруге болмайды, бәз-бәз шектегенің жөн. Сезімге селкеу түсіретін нәрсе ол сенім. Титтей көңілдің қалуы-сезімді де, сенімді де жоғалтады. МЕН-бақытты көрінуге емес, бақытты болуға тырыстым, қолымнан келеді. Сенемін. Өткен күн есігін жапқан кезде, жаңа күн қайырымен келер. Мәңгілікке ұласқан мәнді бақыт болсын деймін. Бақыттың кілті-бақытты бола білуде. (Кiм бiлсiн… кiмнiң iшiне кiм кiрiп шыққан?! Бәрімізде де ашылмаған сыр, айтылмаған сөз бар-ау…)