«Үйлену оңай, үй болу қиын»

«Үйлену оңай, үй болу қиын»
жеке
блог

   Арғы ата-әжелерімізден келе жатқан ұстамның бірі- ол мына бір керемет дана сөзде  «Үйлену оңай, үй болу қиын».  Әлбетте, үйлену қашанда оңай. Ал үй болу оңай ма? Ал енді осы сұрақтың жауабын талқылайық!

 Әрине, үй болу қашанда қиынырақ. Әр адамның санасына « Неге үй болу қиын?»  деген сұрақ мазалайды.  Жастардың жауапкершілігі қазіргі кезде  мүлдем жоқ.Тіпті, қоғам алдында да және ата-ана алдында жауапершілік жоқ.  Өкінішке орай, шаңырақ көтеруге бел бұған  жастардың көбісі жауапкершілікке нем құрайлы қарайды. Неке құрған жастардың көбіне бір-бірімен тіл табыса алмай, жұптары жараса алмай ажырасып жатады. Бұған не себеп?? Осы мәселені  толықтай қарастырайық!

  Дегенменде, ажырасудың себептері көп.Оған түрткі болған жағдайлар жетіп арттылады. «Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деуші ме еді?

   Статистикаға сүйенсек, елімізде отбасын құру мен ажырасудың 4:1-ге сәйкес екен. Төрт некенің біреуі ажырасып  жатады. Осы мәліметті көре тұра  қалайша көз жұмып қарауға болады? Келешек  ұрпақтың  қамын ойласақ, қазірден бастап ажырасудың салдарын жою керек . Ел іргесіне сызат түсіретін бұл жағдайдың зияны шаш-етектен. Ең  бастысы баланы әкесіз немесе анасыз қалдырады. Ал әке-шешесіз өскен жас ұрпақтың кейінгі тағдыры не болмақ?

   Қазіргі таңда  көп  ел арасында айтылып келе жатқан , жазылып жүрген мәселенің бірі – жастардың ой-санасындағы сезімге, махаббатқа деген көзқарастың өзгергендігі.  Менің ойымша , бұны жалғанға  шығару мүмкін емес .Өйткені – махаббаттың  мөлдір таза күйінде өмір сүруіне әлеуметтік жағдай ырық бермейді.

  Бүгіндері үйленудің өзі арзанға түспейтіні белгілі. Ата-ана қарызданып, бар-жоғын жиып, теріп, той жасайды. Десе де , «үйлену» деген мәселеге жастар жағы асқан бір жауапкершілікпен қарап, өмірдегі маңызды қадамды мың ойланып, жүз толғанып барып жасаса дейсің. Әйтпесе, бүгін «сүйдім-күйдім» деп, қанша елді әбігерге салып, алыстан ат терлетіп тойға келтіріп, той қызығы басылып,  содан кейін «біз бірге тұра алмайтын болдық, ажырасамыз» деп шыға келетіндерді көргенде «бұл қалай болды, не болып кетті өзі» деп,  таңырқаған күйге түсесің. Бәлкім, үйленер алдында өмір бейне бір романтикалық сәттерге толы болатын да шығар?Немесе жастар сериалдағы махаббатты елестетеді ма? Дегенменде  үйлену тек жалғыз тоймен аяқтала салатын дүние емес қой. «Маған қыз жоқ па, азар болса тағы үйленермін, маған жігіт жоқ па, азар болса тағы да күйеуге тиермін» деген  жастардың ақыл-ойының жеткіліксіз екенін түсінуге болады. Ата-бабамыз ынтымақ пен бірлікті көздің қарашығындай сақтаған. Заманнан қалыспай келе жатқан жас ұрпақтың бұзылуы  , шетелдіктердің біздің қазақ жігіттері мен қыздардың ой-санасын билеп алуы  . Бүгінгі уақытта  қазақы дәстүрді толығымен сақтап отырған отбасын табудың өзі қиынға соғады. Енесін сыйламайтын келін, ата-анасына қарайласпайтын бала, «үлкенді үлкен деп, кішіні кіші» деп білмейтіндер кездесіп қалатыны жасырын емес. Қадірлеп, қастерлер салт-сана болмаған жерде, болашағымыз­дың көсегесі көгере қояр ма екен?

Қорыта айтқанда, жастардың махаббаты баянды болғай!