Аппақ қыс

Аппақ қыс
жеке
блог

Жылап кетіп барасың ба?

Ақ көйлекті ақ қысым.

Уақыт көштің арасында,

Сен кететін шақ түсін.

Қимайсың - ау сірә да,

Ақ жүзіңді батпаққа,

Қайтем енді жылама

Өмір мәңгі аппақ па?

Сенің орның көктеммен

Көгереді, жайнайды.

Сұлу болсын әйткенмен

Ол да мәіңгі қалмайды.

 Бұл өмірде қарасаң,

Алмасумен бәрі де.

Күн мен түнде таласа

Қол бұлғаған әріге.

Ал егерде кетсек біз,

Қайта оралып келмейміз.

Аппақ қысым сені де

Көктемді де көрмейміз.

Аппақ қыс, қош бол, аппақ қыс

Сен бізге жылап нетерің

Сағынып сені жатпақпыз

Келерсің, қайта кетерсің.