Әлеуметтік желі – жастардың ермегі

Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілікпе? Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені» деп келген қазақ қазірге интернетке байланып, тұтқыны болып бара жатқаны жасырын емес. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артында сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Жалпы, әлеуметтік желі қажет пе жоқ па деген сұраққа жауап іздеу барысында кейіпкеріміз «Жетісу» телеарнасының тілшісі Арай Жақсыбаевамен әңгімелескен едім.

- Бәлкім бұл сұрағым сізге қызық көрінер. Әлеуметтік желі сізге не үшін қажет?
- Маған әлеуметтік желі жұмысыма байланысты қажет. Оны адамдармен жылдам хабарласу құралы ретінде қолданамын. Сонымен қатар, тұрғылықты жерімде, Қазақстанның өзге де аймақтарында болып жатқан жаңалықтар легін біліп отырамын. Бүгінгі күні әлеуметтік желілерден қызықты адамдарды байқап, фото галереясы немес «Инстаграм» желісі арқылы өнерімен танысып, сұхбат алған кездерімде болды. Әлеуметтік желілерге қатты тәуелді емеспін. Бір күндері ол өміріме қажет емес деп тапсам, қиналмастан өшіре саламын.

- Бүгінгі күні жастардың көбісі күнін ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Бұл тұрғыдан не дейсіз және сіз 24 сағатыңыздың қанша уақытын жұмсайсыз?

- Менің ойымша мәселе құралда емес. Бір жастағы баланың өзі сымсыз байланыс құралдарын ойыншық қылып алды. Бұл – бәрінде кездесетін жағдай. Өткенде анам қоңырау шалып, 2 жастағы ініме смартфон сатып аламыз, соған ұялы қарастыра бер деді. Мен: «Ол әлі кішкентай ғой. Әлі ерте деп ойламайсыздар ма?» деп едім: «Өзінде болмаса, өзгенікіне жабысады. Келген адамның смартфонын сұрап жүреді ылғи» деген жауабын тыңдай отырып, ойланып қалдым. Елден қалмасын, қай жері кем деген оймен зиянды жақтарын білсек те, әпереміз. Онсыз болмайды. Ал мен күніне қанша уақытымды интернет желісіне жұмсайтыныма келер болсақ, 3-4 сағат уқытымды бөлемін. «Вконтакте» желісіне анда – санда кірсем, «Инстаграм» парақшасына күнделікті кіріп, достарым туралы ақпараттан хабардар болып отырамын. Және де өзім де фотосуреттер кіргіземін. Егер телефонсыз өмір сүре аласыз ба? Десе, ойланбастан ия деп жауап берер едім. Өйткені, екі ай ұялысыз жүрген кезім болды. Басында, әрине қиналасың, кейін үреніп кетесің.

- Силекон алқабы» туралы естідіңіз бе? Егер естімеген болсаңыз, ол – Калифорния штатында орналасқан, АҚШ-тың ғана емес, бүткіл әлемнің керемет технологиялық жаңалықтары жасалатын жер. Былайша айтқанда, сүттің бетіндегі қаймақтар жиналған ғылыми орта. Олар өздері түрлі гаджеттерді шығарып отырса да, өз елдеріне денсаулыққа зияндылығына байланысты қолдануға тыйым салады екен. Біздің елімізге де сондай іс-әрекетті орындау қажет деп ойлайсыз ба?

- Зиянын біле тұра шығарып, өздерінің қолданбайтындары қызық екен. Жеке пікірім – бұлау жасау дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі, кіремін, қолданамын деген бала амалын тауып, қолына алады ол телефонды. Одан не пайда? Тіпті заңмен қорқытып та қажеті жоқ сияқты. Оған оның зияны мен пайдасын тең дәрежеде түсіндіріп, тиімді пайдалануды үйрету қажет деп ойлаймын.

- Шетелдің кейбір мектептерінде оқушылар сабаққа кіргенде, телефондарын өткізеді екен. Бәлкім. Заң жүзінде бтлік өкілдерімен келісе отырып, осындай шешім қабылдау керек шығар?
- Жоғарыда айтып кеткенімдей, кіремін деген бала айласын асырады емес пе? Көңілі ұялыны телефоныныны қолын жеткізуде болып, сабаққа көңіл бөлмейді. Мысалы, біз мектеп оқып жүрген кезімізде мұғаліміміз ұялы телефондарымызды жинап алатын. Бірақ, одан еш пайда шықпады. Ересектердің де жастардың да ермегі дейміз бе, әлде қоғамдық пікірдің индиуторы дейміз бе, аз ғана уақыттың ішінде талай азаматтың қимасына айналған әлеуметтік желілерге кісен салынса, төңкеріліп кете ме? Деген сауал менің және көпшіліктің санасында жүргені сөзсіз. Осы сұрақтың жауабын іздеп әлекпіз. Жалпы бізге не қымбат: адамның құқы ма, тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі ме? осы сұрақ жөнінде ойланып көрсек, жақсы болар еді. Әр адамның өзіне өзі аталған сұрақтарды қойып, жауабын тапса игі.
- Әңгімеңізге рахмет!



Бөлісу: