Қазаққа той жасаған дұрыс па?

Қазаққа той жасаған дұрыс па?
жеке
блог

Бұл қозғап тұрған тақырып көп қазаққа жағатыны сөзсіз. Себебі біз тойды жақсы көреміз. "Қазақтың тойы бітпесін" деген сөз мақалға да айналған сияқты. Көп қазақ бауырларым үйленуге ойланбай қадам баса салады. "Көрпене қарай көсіл" деген қазақта жақсы сөз бар. Біз басында ойланбай немесе жасаған қателіктер арқылы отбасы құрып жатамыз. Бірақ, үйленем деп көп жерге қарыз болуға дейін дайынбыз. Тойда шашыламыз деп отбасымызды құртып аламыз. Статистикалық деректерге қарағанда, жас үйленген жұбайлардың 30 пайызға жуығы бір жыл ішінде ажырасып кетеді. Масқара. Әттең, ұялы телефондағы смайликтерді қоюға болмайды. Таңғалып тұрған смайликтін он шақтысын қояр едім. Әзіл :)

Сонда да бұл таңқаларлық статистика. Ол ажырасудың басты бір себебі "кредит". Көп жас жұбайлар жағдайынын жетіспегенінен осындай қадамға барып жатады. Бұл жасаған қадамдардың алысқа апармайтыны белгілі. Банктен алынған кредит сенің бір айлық жалақынды жей салады. Кейін тамаққа ақша жоқ, отбасына беретін ақшаң жоқ, осылай далада қаласын. Осы ақшаның кесірінен әйеліңізбен даулар пайда бола бастайды. Осы дау-жанжалдың кесірі отбасының бұзылуына әкеп соғады.

Қазақ тойды "ұят болмасын" деп шашылып жасайды. Біз тойдың сыртқы жылтырағанына көп мән береміз. Дастарханныңүлкен болғанын қалаймыз. Кейде, дастарханға қарап отырып не жеріңді де білмей қаласын. Қазіргі таңда фотосуретшілер, видеоға түсіретіндер ақшаның қайда жатқанын түсініп алған. Олардың да қызметі қымбаттап кеткен. Асабаның бағалары да бес нөлдің тіркесімен жүреді. Одан да көп болмаса. Астана қаласындағы жақсы деген тойханалардың адам басына бағасы 8000-10000 тг көлемінде. Бізде қонақты көп шақырғанды жақсы көреміз.

Қонақ саны көбейген сайын тойхана, ресторан бағасы да қымбаттай береді. Көлік кортежінің шығыны бойынша орта есеппен 100-200 мың тг көлемінде ақша кетіреміз. Шынымды айтсам, осы кортеждің неге керек екенін түсінбей-ақ қойдым. "Казах без понтов беспонтовый казах" демекші, олардың да өзінің түсінігі бар шығар. Қазіргі киетін көйлек те 300000 теңгенің көлемінде екен. Жігіттің костюмі бар. Олда арзан бағамен емес.  Мен айта берсем әлі де көп шығындар. Оларды қазбалай берсем түбіне де жетпейтін сияқтымын.

Айтқым келгені тек, сол қарызға алып шашылғанша, отбасын дұрыстап асырауға сақтасаңыз. Елге мақтанам деп отбасыңыздан айырылып қалмаңыз. Той жасауға қарсы емеспін. Бірақ, қажет емес нәрселерге шашылып керек емес сияқты. Дүниенің соңына жете алмайсын. Жағдай болса, қарсы емеспін. Тойға 2-3 ай дайындалып бір-ақ күнде өткізе саласын. Сол босқа керек емес дүниелерге жұмсалған ақшаға, өміріңнді, отбасыңның жағдайын жасап алуға болады. Кез келген адам тойдын керемет өткенін қалайды. Бірақ тойдың бәрі дүниеге, мақтанышқа тіреліп тұрған жоқ. Той деген қуаныш, жақсы көңіл-күй және жұбайлардың бақыттылығы. Ал, сіз қалай ойлайсыз? Маған сіздердің ойларыңыз маңызды.