Өкініш
жеке
блог

Өкініш

Қарбалас түн тағы. Дегбірімді қашырып, əуре-сарсаңға салған жағдаятты қалай жеткізсем екен сіздерге. Демалыс күнімді əдеттегіше ауылда өткізуге барғам. Шəуілдірді білетіндер хабардар: бұл ауылдың халқы желсіз өткен күнді тілеп, тасаттық беруге бар. Сондай желді түн. Мазасызданып, ұйқым келмей қойды. Ойым өткен-кеткендетіп жатқан. Былдыр күнгі махаббатым Мадина ойға түспесі бар ма? Эх Мадина, неткен қыз едің?! Сенің салат ғып турап берген арам шөпті жеймін деп əтрабление болғаным ше? Кім ойлаған сені өскенде Нəйинти уəн тобының фанаткасы болад деп ((

МузАртты ұнатпаймын деген күні ақ қоштасу керек еді сенімен... 
Ой атаң қоқи, Мадинасы нес? 

Жаңағы түн. Қараңғылық басқалы қашан. Ал менің ұйқым мені есіне де алмайтын секілді. Жалғызсыраған сорлы одан сайын жалғызсырасын деді ме қайдам?! Тыныштық өңгерген бөлмені Самсунг Жыбырымның (Samsung J1)дауысы бұзды. Ар жағындағы дауыс мені сыртқа шақырды. Кім екенін айтпасам да біліп отырсыздар. Сол - Нұрсайлау. (Ойнап айтам Мадина ғой. Оқиға 20 наурызда болғанын білдіру үшін айттым Нұрсайлау деп)

Жүрегімнің қалай дүрсілдегенін сезсеңіздер ғой сол кездегі. Кеудемде Абдімүтəліптің жылқылары шауып жүргендей болды ше. Түнгі сағат 1. Қыз кездесуге шақырып тұр. Үйіңнің алдында. Айбээээ. Асығыс киініп жатып, бір жылағым келді. Қалай шығам, не бетіммен шығам деп ызаландым? Өйткені тура сол күні кешке мамам нəскиімді жуып қойған еді...