Астанадағы мүсін жайлы

Астанадағы мүсін жайлы
жеке
блог

Қайырлы күн Қазақстан!  Көңіл-күйлеріңіз қалай? Кеше жаңалық қарап отырып, бір қызықты мақалаға тап болдым. Соңғы күндері біздің қазнетте үлкен трендке айналған Астанадағы мүсін жайлы шуды естіген шығарсыздар. Бұл мүсін туралы шудың не үшін болып жатқанын түсінбедім. Бұл іске біздің мәдениет министрі де кірісіпті. Басқа жұмысы жоқ екен. Кез келген шудың маңайында пиар жинайтын министрлердің қаптап кеткені жыныма тиеді. 

Біздің бір блогер осы суретті салып, бұл біздің менталитетке келмейді және басқа елдің өкілдері не ойлайды деген тақырып қозғаған болатын. Сол блогер сияқты тағы бір адам осы тақырыпты әрі жалғастырып, қазнетке үлкен шу алып келді. Бір мүсіннің бойында Қазақстанның өмірі тоқтап қалды. 

Ол ежелден келе жатқан өнердің бір түрі.  Біраз жыл бойы осы күйде тұрған бір мүсінді қазір көріп, мереке қарсаңында оны барлық елге таратып тастады. Бұл жерде тек пиар жинаудың ғана амалын көріп тұрмын.

Біздің қазақ неге сондай? Әлеуметтік желілерде басқа адам, өмірде басқа. Сыртынан сөйлегенді жақсы көреміз. Шетелдіктер көреді дейміз, бірақ шетелдіктер қазақтың қыздарының қандай екенін былай да біледі. Бір мүсінге қадалмай, түнгі клубқа барсын сол блогерлер.  Өмірде болып жатқан нақты қиындықтарға көңіл аударсын. Әлеуметтік желілерде немесе кез келген интернет төңірегінде пиар арқылы атақ жинағыштардың көбейгені қарын аштырады. Қазір осы постты көріп, біздің бір қазақ жазады. "Біздің қазақ олай киінбеген, біздің қазақ мындай болған" - деген сияқты әңгімелер кетеді.

Шынымен, достар, бұндай әңгімелерді қойыңыздаршы, ойынсыз. Бірнеше жыл бойы тұрған мүсіннен осындай көлемде шу шығару, миға келмейтін нәрсе. "Басқалар не айтады, біздің қазақ мұндай нәрселерді дұрыс қабылдамайды"- деген сияқты әңгімелерді қояйық. Біреудің көңіліне қарап жүре берсек, өзімізде, біздің елде ешқашан алға баспайды. Назарларыңызға рахмет!