Қазақ шоу бизнесін шулатқан әншілер (топтар).

Қазақ шоу бизнесін шулатқан әншілер (топтар).
жеке
блог

Қайырлы кеш Қазақ Елі! Блогтың бағыты көбіне музыкаға арналғандықтан, бүгінгі тақырып қазақ музыкасына жаңа дем алып келген әншілер, топтар жайлы болмақ. Ninety One тобы жайлы шудан кейін, осы бағыт бойынша жазуды жөн көрдім. Менің негізгі музыкалық ұстанымым сапалы ән, тауар тыңдау және соны дамыту. Бізде әрдайым бір жаңа бағытта әнші пайда болса, сол әншіні алысқа апарып тастаймыз. Содан кейін барып сол әншінің әндерін тыңдап, бұндай бағыттардың бізге керектігіне көзіміз жетеді. Біздің қазақ той әндеріне басы айналып қалғаны соншалық, жаңаша әндерді қабылдағысы келмейді. Бұл тізім кейінгі уақытта қазақ музыкасына жаңаша дем әкелген әншілер жайлы. Бастайық!

1. Kental - Халқым

Kental менің ең сүйікті әншілерімнің бірі. Алдыңғы постта да бұл жайлы айтқан болатынмын. Ол бұрындары да бірнеше әндерімен танымал болатын, бірақ аса қатты ел арасында танымал болмады. Кейін "Халқым" деген әні шығып Қазақстанды бір шулатқан болатын. Kental-ды біраз телешоуға шақырып біраз жерге апарып тастаған болатын. Қазіргі таңда ол әнді дұрыс жағынан қабылдап, сол әннің арқасында Kental-ға деген сұраныста өсті. Тыңдаймыз!

2. Айқын - Пах, пах

Өздеріңіз осы әнді естіп, енді күліп отырған шығарсыз. Кеше ғана "әнші емессің" деген Айқын, қазіргі таңда Қазақстанның ең танымал, еңбекқор әнішілердің бірі. Басында бәрі былайда-былай сынап, соңында осы әншінің концертінен қалмай жүрген адамдардың құлақтарына алтын сырға. Айқынның кез келген концерті жанды дауыста өтеді. Бұл барлық әншілерге үлгі болсын. Бейнетаспасын қараймыз.

3. Орда тобы - Сен сұлу

Орданың кез келген әні өзінің тыңдарманын табады. Бұл топ 2000 жылдардың ортасында Қазақстанды біраз әндерімен бір шулатқан болатын. Қазір бұл Қазақстандағы ең танымал топтардың бірі. Бұл топ туралы таныстырып, түсіндіріп те қажет емес сияқты. Одан да, сол кезді шулатқан бір әнін тыңдайық. 

4. Ғалымжан Молданазар - Ұмытшы мені тез

Молданазар туралы жаза берсем көзім тиіп кете ме деп қорқамын. Бұл әнші қазақ жастарының жүрегін жаулап алған музыкант. Гитарасын қолына алып, жанды дауыста өзінің әндерімен Қазақстанды бір тербетіп тастады. Басында өзінің бағытымен шыққанда біраз сыңға ұшырап, кейін халықты өзінің әуендерімен баурап алған әнші. Маған ұнайтын бір әнін тізімге қосып отырмын. Алға, Ғалымжан!

5. Ninety One - Айыптама

Бұл топты қоспасам болмайды. Себебі топқа деген жаппай негатив орын алуда. Ертең кейін топ әлемді бағындырғанда қалай сөйлейтіндеріңізді көремін. Футбол термині бойынша ондай адамдарды "глор" дейді :))) Айтуға оңай деген бағдарламаға дейін жігіттерге аса қатты маңыз бермейтін, қазір бұл топ жайлы кез келген интернет желісінде оқи аласыз.  Мұндай  пернетақталық шабуылдрға мән бермей, өз жұмыстарын жалғастыра берсін дегім келеді. 

Әзірше, осы тізім де жетер. Егер сіздерге бұл пост ұнаса, саусақтарыңызды жоғары көтеріңіздер. Назарларыңызға рахмет!