Әлиханның кешіне Әлихандар қатысты

Әлиханның кешіне Әлихандар қатысты
жеке
блог

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына байланысты түрлі шаралар бастау алды.  Соның бірі - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде"Журналистика және практикалық қазақ тілі" кафедрасының ұйымдастыруымен өткен "Алаштың Әлиханы" атты әдеби кеші.

Кеш барысында Алаш партиясының "Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ" деп басталып, "Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік тек қазақ мемлекетіне қызмет ету керектігін", мемлекет құрушы ұлттың тілінің, ділінің үстемдігін орнату және Жапония үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру сияқты мақсаттарды көздеген бес ұстанымы айтылды.

Әлихан Бөкейханның тұтқында жүрген кездегі қайсарлығын, өз халқы үшін жанын беруге даяр екендігін суреттеген көрініс көпшіліктің қошеметіне бөленді.

 

Көрініс

Көрініс

Сонымен қатар, осы кешке арнайы шақырылған Әлихан есімін иеленіп жүрген балалар арнайы шақырылды. Олар кеш барысында өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің ілтипатына ие болды.

"Алаштың Әлиханы" кеші

Жас Әлихандар болашақта Алаштың көсемі атанған Әлихан аталарындай өрелі азамат болып, ел тізгінін қолдарында берік ұстайтындарына сеніміміз мол.