Ең төмен бюджетті фильмдер рейтингі

Негізі мұны кеше жазған болатынмын. Бірақ жай ғана пікір ретінде қалдыруға қимастан пост ретінде іліп отырмын, оқырман! Дауыс беріңіздер! Арнайы қымбатты Нұргүл үшін (хехе) алдарыңызда дүние жүзіндегі ең арзан бюджетті фильмдердің рейтингі

"Қанат Брүсіли" шытырман оқиғалы көркем фильмі
Cтудия:
BakdauletFilm
Техникалық жабдықтары:
1) 1.3 Мегапикселдік камерасы бар Nokia телефоны (негізгі түсіру құралы)
2) Қанат жезде (оператордың қалай түсіру керектігін нұсқаушы)
3) Шекербек атаның құрығы (аспаннан вертолетпен айналдыра түсіретін сияқты эффект жасау, арықтың үстімен түсіре жүріп Miramax Film-нің бастапқы эффектін жасау)
4) Гүлсім жеңгенің бишнядан жасалған тосабы. (Бояу болмағандықтан қанның көрініс солай етуге тура келді)
Бюджет:
75 тг = 0.5 $ (Соткадан дискке бастырып алу керек)
Әлемдік таралымы:
Бүкіл ауылдың балдарында

*__________________________________________________________________________________*

«Битва за „Қазақстан“ (СуперЛюкс этил спирті, 35%)» тарихи шытырман оқиғалы фильмі
Cтудия:
Әміртағайдың Жаһан деген кішкентай баласы
Техникалық жабдықтары:
1) Panasonic AG-DVX100BE видеокамерасы
2) 87-дегі Әуелбек үшін 200 грамм (Каскадердың денсаулығы мен духы үшін)
3) Тандырдың жанында тұратын бесақа.
Бюджет:
120 теңге (Монтаж жасап отырған амигоның Қыдырәлі мен Динараның тойында байқаусызда кадрға түсіп қалып кейіннен боевикке айналған үзіндіні қырқып алуы үшін бір бөтелке Шымкент сырасы)
Әлемдік таралымы:
Ресми таралымы белгісіз. Бірақ «Коммунизм» ауылының тұрғындары мұны көрмесе де бес саусағындай біледі.

*__________________________________________________________________________________*

«Французский поцелуй» мелодрамасы
Студия:
6 «А» сынып Продакшн
Техникалық жабдықтары:
1) Бауканың ауырып жұмысқа бармаған мамасынан сұрап әкелген ұялы телефоны (негізгі түсіру құралы)
2) Мектеп спорт залындағы киінетін бөлменің үлкен шкафы (Бас рөлдегі 9 «А» сыныбында оқитың Бақтыбек пен 8 «В» сыныбында оқитын Әйгерімнің сүйіскен кездегі кадрды крупный планмен алу үшін)
3) Мектеп әжетханасы (Оператор түсірілімді бітірген соң міндетті түрде барып келуі тиіс жер)
Бюджет:
Алдын-ала қарастырылмаған.
Әлемдік таралымы:
Телефондарына өткізіп үлгергендерде.
Қызықты деректер:
Бұл фильмді түсіру аяқталған соң оператордың еңбегін анасы өз телефонынан көріп 2 салым қамшы және 1 апталық тамағынан бөлек берілетін 50 теңгені беруден отказ берген.

*__________________________________________________________________________________*

«Паранормальное явление: Ночь у друга» псевдодеректі фильмі
Студия:
SeRiK Pictures
Техникалық жабдықтары:
1) 2МП камерасы бар Nokia N91 ұялы телефоны (Негізгі түсіру құралы)
2) Ақ пододеяльник (көрпеқап) (Ең басты спец. эффект)
3) Ұйықтап жатқан басты кейіпкердің астындағы ақ төсекжапқыш (фильмдегі негізгі ойды жеткізіп беретін табиғи спец. эффект)
Бюджет:
2 сникерс = 160тг = 1.07$ (Әбділдәнің үйіне жатуға келген Серіктің "Ұйықтаған соң басты кейіпкерді қорқытайықшы" деген ойынан бастау алып, ақыры екі жақтық спордың нәтижесінде шыққан ауызша бюджет.)
Әлемдік таралымы:
Серіктің ұялы телефонын ұстап көрген адамдардың барлығында. Кейіншелік бейресми дистрибьютерлердің көмегімен интернетке енгізілген.
Қызықты деректер:
Түсірілім нәтижесінде қаржы толықтай түсірген топта қалды.

*__________________________________________________________________________________*

"Өшпенділер" криминалды фильмі
Студия:
Сырттан бақылап тұрған нейтрал жігіттер
Техникалық жабдықтары:
1) Қоңырауда SUDOKU ойнап отырып, байқаусызда Мақсаттың қалтасында кетіп қалған Назеркенің ұялы телефоны.
2) Өміржанның кастеті (Сценарий бойынша өш алынып жатқан адамды талдыру үшін соңғы кадрде қолданылатын құрал)
Бюджет:
250тг = 1.7$ (Фильм түсірілімі соңында өш алынған\жәбірленген адамның рөлінде ойнаған актердың қалтасынан шыққан бар қаржы. Бейресми деректерге қарағанда, бұл қаржы бас рөлдегі кейіпкердің темекісіне жұмсалған)
Әлемдік таралымы:
Аталмаған мектепте оқитын жігіттердің көпшілігінің телефондары мен компьютерлерінің «sotka flewkasynan» деген типтес папкаларда.
Қызықты деректер:
Бұл фильмнің жалғасы бар. Келесі бөлімдерінде кейіпкерлердің рөлі ауысады.

*__________________________________________________________________________________*

«Жасанды махаббат» отбасылық көркем фильмі (Режиссерға ғана көруге болады)
Студия:
Әбдіқадір Жұманиязов атындағы МазақФильм киностудиясы
Техникалық жабдықтары:
1) Кеңес Үкіметі тарағанда жымқырылған Электроника-821 видеокамерасы
2) Adobe Photoshop CS4 бағдарламасы (ҚазақФильмнің логотипін өзгерту үшін)
3) Аталған бағдарламаны білетін адам
4) Ешкі (Басты рөлде)
5) Теке (Қателікті түзеу үшін)
6) Қора (Фильмнің түсірілім барысы өтетін жер)
7) Қауынның қабығы
8) Виагра (Текенің потенциясын арттыру үшін қауынның қабығына қосып беріледі)
9) Тыныштық
Бюджет:
1.25кг бидай = 150тг = 1.003$ (Рөлін жақсы ойнап шыққан актерға бөлінген сыйақы)
Әлемдік таралымы:
Белгісіз. Премьерасы жабық түрде өткізілген.
Қызықты деректер:
Әбден сынға ұшыраған Келін фильмін ақтап шығу үшін түсірілген.

*__________________________________________________________________________________*

«Маймылдар планетасының көтерілісі» тарихи деректі фильмі
Студия:
Белгісіз (жағдайлармен ғайып болған)
Техникалық жабдықтар:
1) Алматы қаласының орталық алаңы (Оқиға өрбитін орын)
2) Toshiba Camileo BW10 қол камерасы (Негізгі түсірілім құралы)
3) Бір топ мусор ағалар, кешіріңіздер яғни полиция қызметкерлері (Алаңға жиналған мегаультраұлтшылкөтриоттарды тарату үшін)
Бюджет:
100тг = 0.7$ (Үйден 63інші автобусқа отырып түсірілім алаңына жетіп, түсіріп, қайту үшін)
Әлемдік таралымы:
Youtube сайтында 126 адам «Мне нравится», 36 адам «Не нравится» деп тұрады. Астында сұұммдық пікірлер жазылған.
Қызықты деректер:
Бұл фильм өмірде шын болған оқиғаға негізделген. Тіптен дәл сол оқиға болып жатқан сәтте түсірілген.

*__________________________________________________________________________________*

«Ару қала Алматы» саяхаттық-танымдық фильмі
Студия:
«Студент таңы» студиясы
Техникалық жабдықтар:
1) Шымкент — Алматы бағытындағы автобус (ҰБТ-дан өткен операторды Алматы қаласына жеткізу үшін)
2) Цифрлы фотоаппарат (Негізгі түсіру құралы)
3) «Сағындым Алматымды» әні
4) Windows Movie Maker бағдарламасы. (Түсірген суреттерді орналастырып, оларға әртүрлі эффект беріп, құралған нәрсеге жоғарыдағы әнді музыкалық фон етіп, титрлеріне Фильмді түсірген: Абілханов Арыстанбек жазып қою үшін)
Бюджет:
220тг = 1.5$ (Жатақханаға дейінгі жолақысы + 2 самса)
Әлемдік таралымы:
Оператордың флэш картасында.

*__________________________________________________________________________________*



Бөлісу: