Арықтауға арналған 12 кеңес
жеке
блог

Арықтауға арналған 12 кеңес

  1. Тамақты асықпай шайнап жеңіз. Асқазанға тамақ бармас бұрын кеміңде 25 рет шайнасаңыз, ол тез қортылады әрі тістің қызыл иегіне де массаж болады.
  2. Жұмыртқа жеңіз. Біздер қонаққа көп баратындықтан алдағы тәтті тағамдардан бас тарту кейде өте қиын болады. Қонаққа барар алдында суға пісірілген 2 жұмыртқаны жеп алыңыз. Жұмыртқа пайдалы дәрумендерге бай әрі тойымды. Сондықтан дастарханда тұрған тәттілерден қарныңыз тойғандықтан бас тарта аласыз.
  3. Ірімшікке көшіңіз.  Тәттілерден бас тартып, оның орнын ірімшікке алмастырыңыз.
  4. Ораза ұстаңыз. Жұмасына 1 рет ораза ұстаңыз, бұл күндері тек су немесе тек айран ішесіз.
  5. Шикі көкөністер. Көкөністер жеңіз (орамжапырақ, сәбіз, қияр), олар дәрумендерге бай әрі калориясы аз боп келеді.
  6. Күріш күні. Күріш құрамында натрий (адам организімін сұйықтықпен байланыстырады) аз болады, бірақ калий (сұйықтықты шығарады) көп болады. Егер жұмасына 1 рет тек қана күрішпен (күрішті тұзсыз минералды суға пісіресіз) тамақтансаңыз, онда 1 кг салмақ түсіруге болады.
  7. Мотивация. Егер тәттімен қоштасу қиын болса, онда 1 кәмпит жеу үшін сіз 30 рет отырып тұру сияқты жаттығуларды жасау керекпін деп, әр тәтті үшін өзіңізді жазалауға да ұмытпаңыз.
  8. Су. Тамақтанарға 10 минут бұрын жылы минералды таза су ішіңіз.
  9. Балық күні. Жұмасына бір балық жеңіз. балық Д дәруменіне бай. Теңіз балықтары қандағы холестирин деңгейін азайтады.
  10. Алма. Күніне 1 алма жеңіз, ол жүйке жүйесін жақсартады.
  11. Жиі бірақ аздап.  Күніне 5 рет тамақтаныңыз.
  12. Тұз туралы ұмытыңыз. Тұз организмдегі сұйықтыққа кедергі келтіреді. Әрі тұз барлық азық-түлікте бар, сондықтан тамаққа тұз салмасада болады.