McDonald's Қазақстанда

McDonald's Қазақстанда
жеке
блог

Сәлем, сәлем достар! Бұл менің екінші постым. Не жазарымды білмей көп ойланып, әлеуметтік желілерде және адамдардың арасында үлкен дауға түсіп жүрген McDonald's жайлы өз пікірімді қалдырғым келді. Қазір әлеуметтік желілердің дамығанынан ба, әлде адамдардың негативті пікірді тез қабылдауынан ба, бір жаңалық  болса соны интернетте немесе басқа бір жерлерде үлкен дискуссияға айналдыратыны түсінбеймін. McDonald's ол - үлкен әлемдік бренд және соны дәмін көру әркімнің басына келе бермейді. Себебі, ол кісілер сіз сияқты әлемнің түкпір-түкпіріне бармайды, сіз көрген барлық тағамдардың дәмін көріп көрмеген. Ол да адам баласы және ол да Мактың дәмін көргісі келеді. Бұны үлкен жыр қылып, бүкіл Қазақстанды шулататындай жаңалық қылғаны дұрыс емес секілді. Білмеймін, өз басым McDonald's-ты Еуропада болғанда дәмін көрген болатынмын. Маған ұнады, жасырмаймын. Білем зиян екенін, бірақ McDonald's-қа күнделікті тамақтану мақсатында барған емеспін. Ия, осы бір фаст-фуд шыққалы бері адамдар толықтануы және осы толықтаудың әсерінен бірнеше ауруға шалдыққаны өтірік емес. Бірақ, осы бір тағам түрін күнделікті жеп жүрсеңіздер, сізден толық адам болмайды. Өзіңіз кінәлісіз :)

Сіздер әлемде осы McDonald's-тан адамдар жаппай уланды деген жаңалықтан естідіңіздер ме? Өз басым мұндайды мүлдем естімедім. Ал, мектептегі асханалар, қарапайым кафелерде немесе тағы да басқа осындай орындар да жаппай уланып жатқан адамдар қатары өте көп. Кез келген арнаны қосып қарасаңыз, осындай жағдайлардың көп орын алып жатқанын көресіз. Асханаларда, кафелерде, ресторандарда көп мәртелік ыдыстар қолданбайтыны белгілі. Оларды сіздерге жуады да, сол ыдыстарды қайтадан сіздерге әкеледі. Ол жерде бірнеше қолданғаннан қаншама адамның сол тамақты жегенінен қалған микробтар немесе т.б зиян заттар болатыны сөзсіз. Ал, McDonald's-та бұл жағынан ешқандай қиындық туындамайды. Себебі, олар  ыдыстарын ауыстып отырады. 

 McDonald's жайлы тағы бір қызық нәрсе айтайын. Мен Еуропаға барар кезде, Еуропада тамақтану өте қиын болды. Себебі, біріншіден тілді дұрыс білмейсін және барлық жерде шошқаның еті сатылады. Сол кезде маған McDonald's және KFC  өте көмектесті. Себебі, чизбургер және кола десен әлемнің кез келген жерінде бұл сөзді жатқа біледі. Себебі, Мак әлемдік бренд. Осы жағынан маған әлемдік брендттер көмектесті. Құдайға шүкір, аманмын. 10-20 кг қосқан жоқпын :)

Айпақшы, Мактың 24  сағат істейтіні мүлдем есімнен шығып кетіпті. Достар, сіздерге көп басқа да қызық мәліметтер келтіре берсем, бұл блог созылып кетеді. Қысқасы, сіздерге айтарым әркімнің ауызына келген критикасына құлақ салмай, өзіңіз жауабын тауып, дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз.