"Домбыра partyдан" арнайы сарқыт

"Домбыра partyдан" арнайы  сарқыт
жеке
блог

Наурыздың алтысы, Қарағанды қаласында «Таир» сауда үйінде Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Жас журналистер» клубының ұйымдастыруымен «Домбыра party» өтті. Мақсаты — қазақтың дәстүрлі, екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабын насихаттау. Қара көзділердің басын қосып, рухани демалу. 


Блог - DinaAbdigalieva: Қарағандыда «Домбыра party» өтті
Шараға Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен «Болашақ» Академиясы, Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қатысты. Өнерге жаны ашитын тұрғындарымыз белсенділік танытты.
Блог - DinaAbdigalieva: Қарағандыда «Домбыра party» өтті

Аталмыш шара орталыққа қарағанда оңтүстік өңірлерде жиі өтіп тұрады. Бұл олардың шапшаңдылығының бір белгісі болуы керек. Клуптың алғашқы бастамасы жаман емес сияқты. Сол себепті, сіздермен мына видеолармен бөліскенді жөн көрдім. Пікірлеріңізді білдіре жүріңіздер, сіздердің ойларыңыз бізге өте маңызды.