Қайнарым - туған жерім!
жеке
блог

Қайнарым - туған жерім!

Бұл сайтқа жазбас бұрын, жерлесімнің туған жеріміз Қайнарға деген сағынышын оқып, менінде жазбасқа амалым болмады. Иә, сағыныш, сағыну керемет сезім. Туған жерін сағынбайтын адам жоқ шығар,сірә. Қайнар жері Семейден 280км жерде орналасқан. Демалыс басталғанда, бірден жолға шыққым келіп тұрады. Көптен кездеспеген, мектеп бітіріп жан - жаққа оқуға кеткен сыныптастарды, достарды сағынамын. Жаз айларында барып тұрамын. Кешкі серуенде, концерт, би кешінде бас қосып, көңіліміз бір көтеріліп қалады. Бұның өзі ауылда өткен қызықты күндерді сағындырмай қоймас.