Ұрпақ ұмытпауға тиіс салттар (блог эстафета)

Ұрпақ ұмытпауға тиіс салттар (блог эстафета)
жеке
блог

Қыстың қытымыр суығынан аман-есен шығып, алыс-жақын ағайынның хәлін біліп, ағылыр да сағынар әз Науырыз да жақындап келеді. Көңілге мерекелік күй орнап, назарымыз бір күнге болса да қазақы ою-өрнекке ауып, Ұлы даланың шын мәнінде Ұлы мұрагері екеніміз есімізге түседі. Төл мерекемізде төрімізге ытымақ-бірлік қонақтасын деп, аузы дуалы ақсақалдан бата сұрасып жатамыз. Осы орайда Назым Сапарова бастаған игі эстафетаның жалғасы Әсел Асановадан кейін өзіме бұйрыпты. Батыстың балтасы арқамызға батып, салт-санамыз өзгеріске ұшырай бастағандағы аталмыш эстафетаның берер пайдасы зор екеніне сенімім мол. Ендеше, назарларыңызды төмендегі бірнеше салтқа аудармақпын. Ішінде қазіргі заманға да сай салтты көзіңіз шалып қалар...

Мал төлдеу

(Сурет Бижан Садибековтың фейсбугінен алынды) П/сы: Қалғандары әлбетте гугл көкемдікі.

Көгентік - көктем келіп көбейіп, мал төлдеген мезеттегі тартылар сый. Яғни, малдың төлін садақа есебінде мал-жан аман болып, береке мен бірлікте өмір кешейік деген ізгі ниетпен беріледі. Бұл деген бір жағынан жағдайы жұпыныларға көмек болса, екінші жағынан қазақы дархандықтың қаймағы бұзылмаған көрінісі.

 Қыз алып қашу

Жиенқұрық - жиеннің нағашы жұртынан мүлік талап етуі. Бұл да жоғардағыдай жиеннің жағайының дұрысталуына ықпал ететін әдемі салттың бірі. Бір қызығы алыс нағашыдан қыз да алған. Кейде оның қалың малын "жиенқұрық" деп атаусыз қалдырған көрінеді. Енді мына қызықты қарағыз, Ақан Сері Құлагерді жиенқұрытықпен алған екен. Сондықтан ең әуелі жиеннің назары қыз бен арғымаққа жиі ауатын болған.

Қырқынан шығару 

Күміс сый(Баланы күміс салынған суға шомылдыру)  - келін ауыраяқ кезінде, туыстарын аралаған сәтте, оған бағалы деген күмісті сыйға тартады екен. Кейін бала дүинеге келіп, қырқынан шығарар мезетте шомылдыратын суға сол күмістерді салады. Темірді ең алғаш өңдірген бабаларымыз бұл металлдың пайдасы жақсы екенін білген. (Күмістің пайдасы туралы мына жерден толығырақ білсеңіздер болады) Ең қызығы, жаңағы күсімтер баланың анасында қалмай, шомыларған кісілерге арнайы сыйға тартылады екен. 

Эстафета таяқшасын Ақбота Мұсабекқызына сатанатты түре табыс етемін.