Алтын көрсе, періште жолдан таяды

Адам баласы дүниеге келеді, өседі, айналасын таниды, қартаяды, дүниеден өтеді. Не үшін? Түбі өлетін болса неменеге туады? Адамның жер бетін басып жүргендегі негізігі мақсаты неде?

Бұл сұрақтың жауабын әлі күнге дейін бір ғұлама бере алмады. Әрбір адамның өзіндік ойы, өзіндік берер жауабы бар. Бірақ ортақ шешім жоқ.

Екі ғасыр бұрын жазылған Чеховтың «Ионыч» әңгімесін мысал етейін. Дмитрий Ионович Старцев деген жас дәрігер С. атаулы қалаға жұмыс бабымен келеді. Оның ең алғашқы қонақ болған үйі атақты Туркиндардың отбасы. Отбасы мүшелері қаладағы ең танымал әрі беделді адамдар. Иван Петрович қойылым қойғанды жақсы көретін, жұбайы Вера Иосифовна роман жазатын, ал қыздары Екатерина Ивановна немесе ата-анасының атауы бойынша Котик рояльда ойнайтын. Осындай өнерлі отбасына (не де болса қала тұрғындары солай санаған) қонақ болу сол қаладағы кітапханаға не атақты клубқа барумен бірдей болаған. Қысқасы, Старцев сол үйдің қызына ғашық болады. Онымен әрбір өткізген уақыты ең бақытты сәттері болып көрінеді. Бір күні Котик Старцевті зиратқа кездуге шақырады. Жас жігіт қыздың сөздерін қалжын ретінде қабылдаса да кездесуге барып бірнеше сағат бойы тағатсыздана күтеді. Сол түн дәрігерге қатты әсер етеді. Іштей өзгергендей болады. Ертесі күні кездескенде қыз отбасылық өмір ол үшін емес екендігін айтып, өмірін музыкамен байланыстыратынын түіндіреді. Сонымен қыз Мәскеуге кетеді, Старцев қалада қалады. Оның қалтасы қалыңдап, ішкі жан дүниесі азып кетеді. Содан кейін оны қала тұрғындары Ионыч деп атап кетеді.

Сонымен, бұл оқиғадан біз не түюіміз керек. Чеховтың көпшілік әңгімелері іспетті бұл да қарапайым бір ақымақтың, болмашы оқиғасы сияқты. Бірақ астарына үңілер болсақ бүгін де өз мәнісін жоя қоймаған үлкен мәселе жатыр.

Қалаға үлкен үмітпен келген дәрігер жағдай етегінде кетіп өзгереді. Алғашқы жылдары жан-тәнімен жұмысқа берілген, адами құндылықтарды жоғары қоятын Старцев, іші қампиған Ионычқа айналады. Кезінде өзі иттің етінен жек көрген адамдардың қатарына қалай қосылғандығын өзі байқамайды да.   

Ионычтар болған және бүгін де бар. Бұған бірнеше ғасыр бұрын жазылған кітаптарды оқып көзіміз жетіп отыр. Адамзаттың сана сезімі кереметтей өзгере қоймаған.

Алғашында жақсы дәрігер боламын, елге көмектесемін деп келетін жастар кейін Ионычтарға айналып жатады. Жас кездеріндегі идеалист-романтиктер жас қоса «ақыл» кіреді ме, қалтасының қамын бәрінен жоғары қояды. Әлде, бұл ол бейшараның кесірі емес ортасының кесірі дейміз бе? Әлде, ол өзі емес, оны өмір өзгертті дейміз ба? Ол қалтасының қамын емес, отбасының қамын ойлады дейміз бе?

Қазір жоғарыдағыны оқып, барлығыңыз Ионычтарды сөгесіздер. Бірақ ертен өзіңіздің одан өткен жауызға айналып кеткендігіңізді байқамай да қаласыз. Кім білсің бәлкім сіз қазірдің өзінде елді сөккіш Ионыч шығарсыз? Өзіңіздің осындай болғаныңызға өзіңізді емес, өмірді кінәлайтын.

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді, әлде осы сөздерді ұран етеді ме олар? «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дегенге сүйенеді ме?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек» - деген Абай атамыз. Сондай арсыздардың сөзі екендігін түсініп сынаған ғой шамасы.

Қысқасы, өмірге адам болып келіп, адам болып кету мақсат деп қорытындылайық. 



Бөлісу: