Қазақтың мәселесі қайда жатыр?

Қазақтың мәселесі қайда жатыр?
жеке
блог

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.  Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шаньға дейін созылып жатқан, 17 670 957 тұрғыны бар Ұлы дала. Алып айдаһар мен одан кем түспейтін аюдың арасында орналасқан - көк бөрі. Стратегияларын бекіткен арманы асқақ, мақсаты бекем ел. Бірақ...

Өркендеп келе жатқан, жиырма беске кеше толған, болашағына сенімді жас жігіттің қандай «бірағы» болсын. Дегенмен талай жылдық тәжірибе көрсеткендей мінсіз ешнәрсе болмайды.

Сонымен, біздің мін неде? Қазақтың мәселесі қайда жатыр? Екі жүз жылдықты артқа тастаса да, әлі актуальді болып келе жатқан не мәселе?

Ол – ұлт мәселесі. Ұлттық құндылықтар, патриоттық рух, ата-бабамыздың тарихы, тіліміз бен дініміз. Халықтың, әсіресе қазақтардың сана-сезімі.

Ұлттық құндылығымыздың қаншалықты күшті екенін анықтау үшін керемет фактілерге жүгінудің қажеті шамалы деп ойлаймын. Білім деңгейі орташа, кез-келген саналы адам түсінуге болатын дүниелер деп білемін.

Біріншіден екі жүз жыл бойы бодан болған, тәуелсіздігін аңсаған, өзге елдің идеологиясының, темірдей саясатының астында қалған ұлттың жағдайы түсінікті шығар. Екіншіден тағдыр тәлкегіне түскендіктен дейміз бе, әлде басшысының әлсіздігінен дейміз бе біз үлкен олжаға ие болдық. Тәуелсіздігімізді алып, жолымыз болды. Бірақ еркіндік алған қазақ аздап абдырап қалған да сияқты. Бірнеше ғасыр бодандықта болып, ұлттық санасы әлсіреген халық еркін жүзуге шықты. Дегенмен ұлттық болмысымыз жоғалып кетпей әлсірегеніне де шүкір дейміз бе?

Енді бүгінгі күнімізге келейік. Ойлап қарасақ жиырма бес жыл өтті. Барлығы ақырындап орынына келуі тиіс. Бірақ бүгін Ресеймен қоса батыс елдері, Корея, Үндістан іспетті елдерге еріп бара жатқанымызды айтып жатқан бір адам. Ұлттық санаға әсер ететін бірден бір құрал болғандықтан өнер саласын мысал ретінде келтіргім келіп отыр.

К-поп, дорама деп бірі жүрсе, Рианна, Джастин Бибер деп тагы бірі жүреді. Бірі Бурак деп суретін төсегінің үстіне іліп қойса, бірі «Лада седан» деп ән салады. Теледидар, интернет, әлеуметтік желілер осы іс үшін септігін тигізіп келеді. Көзі ашық адамдар ретінде бұның барлығы бізге керек екендігін түсінімуіміз қажет. Бұны жаңа тенденция деп білуіміз керек. Болашаққа ілгері қадам деп түсінгеніміз жөн. Бірақ тенденция екен деп көзді жұмып сол толқынның артынан кетіп қалғанымыз үлкен ағаттық болар еді. Әрдайым әрнәрсенің ара-жігін ажырата білу керек. Әрдайым әрнәрсені таразылай білу керек. Әрине, егер біз кәрістер қазақтардан мың есе күшті, «бізге оларға жету қайда» деген пікіріді ұстанып, ұранға айналдырсақ қате. Ал ондайлар біздің арамыздан табылап жатады. Бір әншісінің түрі әдемі екен деп қазақтықтан алыстап бара жатқандарын түсінбейтіндер бар арасында. Өзге елдің әнін тыңдама, киносын көрме деп айтпаймын. Тек өзіңнің қазақ екендігінді, жеріңнің қазақ екендігін  ұмытпау керектігін есте сақтаған жөн.

Бодандықтың арқасында әлсіреген ұлттық болмыс бүгін де өз әсерін тигізіп жатыр. Тарих ғылымдарының докторы Х.Әбжанов ұлттық идеяны былайша сипаттайды: «ұлтты сақтайтын ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдасақ, мәселенің тоқ етерін тапқанымыз»

Сондықтан да ұлттық болмысымызды сақтау үшін тарихымызды жетік біліп, Сүлейманға емес Тәукеге қызығып қарауымыз қажет. Бүгінгі батыстандыру, кешегі орыстандыруға, одан арғы мұсылмандандыруға дейін өзіндік салты, тарихы қалыптасқан, батырлар мен даналар мекен еткен жерде тұратынымызды, кең байтақ еркін далада аунап өскен ұлт ұрпағы екендігімізді есте сақтағанымыз жөн.