Ішкі маймылынды бағындыр!

Ішкі маймылынды бағындыр!
жеке
блог

Сіздің ойларыңыз сізге маза бермегенін байқадыңыз ба? Ұйқыға, жұмыс істеуге кедергі болған кездер болды ма? Егер жоғарғы сұрақтарға жауап “иә” болса, сіздің миыңыз тынышсыз маймыл тәрізді, әр нәрсеге керісінше жауап қайтаратын болып келеді. Мысалы мен сізге “Маймыл туралы ойламаңыз”, -  десем, сіз не істейсіз? Әрине, маймыл туралы ойлайсыз. Біздің ойымыз да дәл осындай – бағындыруға қиын. Артық ойлау ой жинақтығын түсіреді, көңіл күйіңізге кер әсер етеді және өзіңіз туралы қате пікір қалыптасуына мүмкіншілік әкеледі. Өз ойларыңызға батсаңыз, өткен кездер немесе келешек туралы уайымдасаңыз, нақты қәзір кезде қашан өмір сүресіз?

Мен сіздерді саналы болуға шақырамын. Осында және осы уақытта өмір сүріңдер! Саналықты дамытып отырған адамдар өз ойларын, сезімдерін бақылай алады,  айналасындағы адамдармен жақсы қарым қатынас жасай біле алады және өзін бақытты сезінеді. Саналықты қалай дамытуға болады? Осы сұраққа жауапты ежелгі буддистер медитация арқылы 2500 жыл бұрын тапты. Саналы өмір сүру үшін будда монахы болу міндет емес.  1979 жылда Массачусетс Медициналық мектебінің профессоры Джон Кабат-Зинн Стрессті саналы түрде азайту (Mindful Based Stress Reduction) атты курсты қалады. Кабат-Зинн будда қағидаларын қәзіргі заманға бейімдеп, босансыту, стрессті азайтуға бағыттылған 8-апталық бағдарлама құрды. Ол дін мен саналық ұғымдарын бөліп қойып өз еңбегіне ғылыми дәлелдеме берді. Mindful Based Stress Reduction (MBSR) Еуропа және Америка елдерінде кеңінен таралып, енді Қазақстанға да жетті.

Қәзіргі кезды осы курстың тиімділігі туралы мыңнан астам ғылыми еңбектер жарияланған. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, саналықты қолданған адамдар стресске тұрақты, эмоциалық ақылы жоғары, өзін-өзі талдай алатын, өзін және басқа адамдарды жақсы түсінетін болып келеді. Нейробиология саласынын ғалымдарының зерттеулері бойынша саналықты қолданған адамдардың есте сақтау, үйрену, эмоцияны бақылау, өзін-өзі бағалауға жауапты мидың аймақтарында сұр затының үлесі жоғары болып табылды. Қызықты дерек,  америкалық  теңіз әскерлері міндетті турде екі айлық MBSR курсын өту қажет.

 

Мен өзім MBSR курсының жартысына келдім. Бұл курс Назарбаев Университетінің психология орталығының аясында өтіп жатыр.  Бір аптасынан кейін ақ жемістерін көре бастадым. Олардың ішіндегі ең маңыздысы көңіл күйімнің тұрақтылығы, адамдармен жақсы қарым қатынас қалыптасуы және жалпы  жан қанағаттанушылығы болып келеді. Адам мийі керемет қасиетке бейім – өз-өзін тану. Алайда сол қасиетті барымен қолдану үшін адам өзін дәл қәзіргі уақытта сезіну керек. Сондықтан, сапалы өмірді ашатын кілт адамның ішінде жасырынған.

 

Дельфыдағы Аполлоның ғибадатханасындағы жазба: Өзінді зертте