"Алшы", "Бүк" әлде"Шік" ?

"Алшы", "Бүк" әлде"Шік" ?
жеке
блог

«Асық ату» қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық ойын түрі. Өмірге ұл келсе, бесіктің басына қасқырдың, қыз туса еліктің асығын байлаған. Ал, қазір осындай ұлттық құндылықтарымыздың көбі ұмытылуда. Соңғы жылдары ғана ұлттық спорт түрлеріне мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, бірқатар жобалар іске асырыла бастады. Әсіресе, «Асық ату» ұлттық федерациясының ашылуы жұртты қуантқан жаңалық болды. 

Ал енді «асық ату» ойынын насихаттау жағына келсек, қазіргі кезде еліміздің 78 мектебінде асық ойынының үйірмесі жұмыс жасауда, оның 63-і ауылдық жерлердегі мектептерге тиесілі. Жалпы еліміз бойынша 2000 – нан аса спортшы асық атумен тұрақты түрде айналысады. «Асық ату» ойынын қалыптасқан спорттық ойындардың біріне айналдыру үшін республиканың сегіз облысында федерациямыз ашылуы тиіс. 

Жарыстардың өткізілуіне келетін болсақ, асықты әр өңірде әртүрлі ойнайды. Федерация осының барлығын ескере отырып, жалпыға ортақ ойын ережесін бекітіп(қақпа құл, бес табан, ащы шыр), нұсқаулық кітапшалар шығарған. Ойналатын асық та тек табиғи болуы шарт. Барлықтарымызға жасанды асықтың керегі жоқ, себебі жарысқа қатысатын спортшыларды федерация толықтай асықпен қамтамасыз ете алады. Елімізде асық жинайтын азаматтарымыз да бар. Солардың бірі, бір бауырымыз 45 мың асық жинапты. Ол кісінің айтуынша, осы асықтарды ЭКСПО-ға дейін 100 мыңға жеткізбек ойы бар. 

Көптеген ағаларымыз «асық ату» ойынына ұлттық нақышта арнайы киім тіктіріп, ұлттық құндылығымызды жүрген жайы бар. Ұлттық құндылықтарымыздың сақтай бере, бүгінгі күнге дейін жеткізіп, оны әлемге әйгілеу басты мақсаттарымыздың бірі. Бұл бағытта белсенді қадам жасап отырған осындай ел ағаларының еңбегі елеулі болуы тиіс. Алдағы күндері ұлттық ойынымызды ұлт болып букіо әлемге таратуға тиыспыз. Ұлттық ойынымызды тек федерация ғана емес, бүкіл қазақ еліміз қолдануға тиыспыз.

Көптеген хабар және асық туралы казіргі уақыттағы мәлімет:

http://asyq.kz/