Қазақстан және футзал
жеке
блог

Қазақстан және футзал

     Футбол – жанкүйерлер саны да, әсерлілігі жағынан да әлемдегі нөмірі бірінші спорт екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Бұл ойын түрі көп құрал-жабдықты кажет етпейтіндігі үшін, футбол барлық өңірлерде ойналады. Сол уақытта да әсері және сұлулығымен тең келетін саласы – футзалдың танымалдылығы бүкіл әлем бойынша күннен күнге артып жатыр. Осы блогта еліміздегі футзалдың жағдайы және жақында болған Еуропа Чемпионатындағы  Қазақстан құрама командасының көрсеткен ойыны туралы айтқым келеді.

       Бұл блогты оқып отырған адамдардың ойына «Қазақстан футболы» сөз тіркесін естігенде бұл ұғымдардың бір біріне қатысы жоқ екені елестейді, бірақ бұл шындыққа мүлдем жанаспайды. Бұған дәлел - еліміздің премьер-лигасының жетекші командаларының бірі «Астана» қазіргі Чемпиондар Лигасының топтық этапына өтіп, өнер көрсеткені. Бұл біздің тарихымыздағы бұрын болмаған, маңызы аса зор оқиға, осыдан прогресстің бар екенін көруге болады. Алайда, футбол тарихымызға одан да жарық жетістікті қосқан - Қазақстан футзалы.

       Футзалдың улкен футболдан ең басты айырмашылығы ойыншылар санында - ойын уақытында алаңда бір команданың бес ойыншысы ғана бола алады. Қазақстан футзалы туралы сөз бастасақ, еліміздің ішкі футзал лигасының командаларының жетістіктерін атап өту керек. Біріншіден, лигадағы командалардың ойын деңгейінің қатты өсуі. Оған себеп, әр региондағы футзал академияларының саны мен оқыту сапасының ілгері жылжуы.  Екіншіден, лигамыздағы ең мықты командалардың әлемдік деңгейдегі ойынды көрсетіп, улкен жетістіктерге жетуі. Мысалы, Алматы қаласының «Қайрат» футзал командасы 1995 жылы жай ғана футбол әуесқойларымен құрылып, қазіргі кезде Европаның ең үздік командалары қатарына кіруі. «Қайрат» бар жоғы он жыл ішінде футзал өмірінің грандына айналды. Клубтың ең басты жетістігі – УЕФА футбол кубогының екі дүркін иегері атанды. Осындай жетістіктерге жеткен кезде, әрқашан сын айтатын адамдар да табылады. Олар бұл жемісіміз тек шетелден келген легионерлердің арқасы деп сөз сөйлейді. Бұл стереотип жартылай дұрыс деп бұдан бір – екі жыл бұрын айтуға болар еді. Шынымен, лигамызда шетелдік кәсіпқойлардың саны аз емес, бірақ, тәжірибеге сүйенсек, бұл Қазақстан футболын, ойыншыларымыздың деңгейін көтерген ең басты фактор боп саналады. Оған қосатын жайт, шетелдік клубтарда да легионерлердің саны аз емес, алайда бұл жағдай сол елдердегі адамдардың наразылығын тудырмайды.

       Жақында Еуропа чемионатында біздің құрама командамыздың жүлделі орын алғаны басқа ұлттың емес, нағыз қазақтардың да футзалдың нағыз шеберлері бола алатынын дәлелдеді. Еліміздің ойыншылары бұл турнирдің финалдық этабына тарихында алғаш рет өтіп, команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов, Серик Жаманкулов, Шынғыс Есенаманов сияқты қазақ батырлары арқасында Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Бұндай жетістік осы турнир тарихында өте сирек кездесетін жағдай. Нәтижесінде, ұлттық құрамамыз әлемнің ең үздік командалар рейтингінде 9 - орынға ие болды.

       Бүгінгі Қазақстан футзалының жетістіктерін бүкіл Қазақ халқы көре отырып, оның болашағына үлкен үміт артып, шын жүректен сеніп отыр. Бұл біздің футбол тарихымыздың тек бірінші беті деп мен де шын жүректен сенемін. Осылайша, «Қазақстан футболы» ұғымына сенүге болатынын сіздерге жеткізе алсам, лайк басып, пікір қалдыруларыңызды сұраймын.