Стендап. Әзіл жазу

Стендап. Әзіл жазу
жеке
блог

           Бүгінгі блогымды мен біздің елімізге жаңа болып келетін әзіл жанрына арнағым келеді, дәлірек айтатын болсам - стендап-комедияға. Стендаппен әлі күнге дейін кездесіп көрмеген адамдар үшін осы жанрдың ерекшеліктері жайлы айтып өткім келеді. Стендап-комедия - бұл әңгіме түрінде орындалатын әзілдің жекешіл жанры. Біздің елімізде кең таралған КВН-мен салыстырғанда Стендапта әзілқой халық алдына жалғыз шығады. Мысалға, КВН-де сен жақсы команданың мүшесі болу арқылы жақсы әзілқой атануыңа мүмкіндік бар болса, стендапта сенің халық алдындағы абыройыңа жауапты бір ғана адам бар, ол сенің жеке өзің. Стендапта жетістікке жету үшін мынадай нәрселер қажет: әзілді түсіне білу,ұшқыр ой,актерлық шеберлік, ораторлық қабылет және ең бастысы-ақша. Ойнап айтам, құр ақша жеткілікті болады. Әзілдің бұл стилі «слом-сындыру» деп аталады, сындыру сөзінен шыққан. Атап айтқанда адамның ойлау бағытын сындырып, оның күткен ойларын жоққа шығару, оны таң қалдыру. Себебі, таң қалдыру жақсы әзілдің ең басты құраушыларының бірі.

            Қазыр мен әзіл жазудың ең басты қағидалары мен ережелерін түсіндіруге тырысам. Бірінші ереже – әзіл жазу үшін екі сюжеттік бағыт, немесе екі оқиға керек. Әзілдің бірінші бөлімі – бұл «сетап», мұнда әзілқой хикаяның басын баяндайды. Әзілдің екінші бөлімі- бұл «панчлайн», көрерменнің күлкісіне себеп болатын негізгі бөлім. Айтылған мәселелрді тереңірек түсіну үшін бір әзілді талдап, оны қандай нәрсе күлкілі қылатынын түсінуге тырысайық.

            Мысал: Менің әжем 60 жасынан бастап күніне бір щақырым жүруді әдет қылды. Қазыр оның жасы 97-де біз оның қай жаққа кетіп қалғанынан мүлде хабардармыз.

            Әзілдің бірінші бөлімі көрерменге мынадай ой салады: Әже жасы 60қа келгенде өзіне ермек болсын деп, денсаулығын нығайтатын серуендер жасауға бел буды. Екінші бөлім көрерменнің бұл жағдай жайлы болжалын бұзады да хикаяны күлкілі қылады.

            Осылайша мен қысқа түрде әзілдің құрылымын талдауға тырыстым. Егер көбірек білгілерің келсе, жазылыңдар,пікір қалдырыңдар және лайк басыңдар. Барлықтарыңа Рахмет!!!