Чемпиондар Лигасы Астанаға да жетті

Мадрид,  Барселона  және  Мюнхен, Лондон, Манчестер  - УЕФА Чемпиондар лигасы – жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол жанкүйерлері  үшін қажылық орнына  айналды . Ал УЕФА Чемпиондар лигасының  ұраны бүкіл әлем бойынша жанкүйерлер үшін дене түршіктірер әуенге айналды.

Әрине, Чемпиондар Лигасы  Қазақстанда да зор назарға йе. Қазастандықтар үшін бұл жай ғана Лионель Месси, Криштиану Роналду, Томас Мюллер, Уэйн Руни және басқа да шетелдік жұлдыздардың ойынын емес, жергілікті  «Астана»  футбол командасына жан күйіп, қолдауды білдіреді. 2015/2016 маусымы шын мәнінде Қазақстан футболының тарихында айтулы, және өте табысты маусым. Ұзақ уақыт бойы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі біздің еліміз үшін қол жетпес биіктік еді. Мұндай жоғары деңгейдегі  ойындар тәжірибесі жеткіліксіз, еліміздің футболшылары үшін еңселмейтін кедергі болды. Бірақ уақыт өте келе, Қазақстан чемпионы - «Астана» бұл арманға қол жеткізіп еуропалық футбол клубтар форумының толық құқылы мүшесіне айналды.

Бүкіл қала бір мезетте, футболға деген қызығушылығын көрсете бастады! Әйелдер, мектеп оқушылары, студенттер, үлкен кісілер, барлығы «Астана»  үшін, Отан үшін  үлкен бір отбасына айналды. Португалиялық «Бенфика», испандық «Атлетико» мен түрік «Галатасарай» командалырына қарсы матчтарына билеттер бірнеше күн ішіне сатылып кетті! Қазақстандағы басты футбол стадионында, 30 000 Қазақстандықтардың бірігіп, «Астана» футбол клубын қолдағаны, жанкүйерлердің есінде ұзақ уақытқа қалатынына еш күмәнім жоқ!

УЕФА Чемпиондар Лигасы - бұл әлемдегі ең үздік командалардың ғана бәсекелестігі  емес, ол сондай-ақ әлемдегі  комерциялық тұрғыдан қарағанда  ең тиімді турнир болып табылады! Лиганың топтық кезеңінде «Астана» 12 000 000 евро көлемінде табыс тапты.Әрине, бұл өте қуанышты да пайдалы жағдай.

Бұл жетістікке қол жеткізудегі  жанкүйерледің қосқан үлесі өте зор. Қазақстан Еуропадағы негізгі клубтарына жоғары денгейде ойын көрсете алатынын анық түрде дәлелдеді. Осы алты іріктеу және топтық кезеңінің матчтары  «Астана»  ойыншылары үшін құнсыз тәжірибеге айналды. Біздің еліміздің футбол федерациясының УЕФАға енгеннен кейін қазақ футболында орын алған негізгі жетістігі - УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астана» футбол клубынының  бәсекелесуі мен ең қуатты құрлық конфедерациясының командаларынан  тәжірибе алу мүмкіндігінің пайда болуы.

Бүгінгі таңда, Еуропа футбол қауымы  Астана дегенде, «Астана» футбол клубымен  ассоциациямен байланыстырса таң қалатыныма күмәнім бар. Осылайша «Астана» футбол клубы әлемді қазақстандық футболмен таныстыра отырып, жергілікті тұргындарға сан алуан естелік қалдырды. Сол себебті  келесі маусымды күткен адамдардың үмітін ақтайды деп сенемін біздің жігіттерге!



Бөлісу: