Ақиқат немесе . . .

Жиырма бірінші ғасыр — ақпарат ғасыры. Бұл фактіні біз қанша тырысқанымызбен де жоққа шығара алмаймыз. Теледидар, газет-журнал, ғаламтор, әсіресе әлеуметтік желілер ақпараттың тез таралуына өз ықпалын молынан тигізеді. Ақпараттың түр-түрі болады, бірі жұртты қате жолға салу үшін, бірі ақиқатты жариялау мақсатында болады. Ақпарат көздерінің сенімдісі, сенімсіз емес түрлері болады. Бірақ, біз сол ақпараттың қате не жалған екендігіне тек зерттеулер мен анализ жасау арқылы ғана көз жеткізе аламыз. Әсіресе әлеуметтік желілерден табылатын ақпараттардың әрқайсысына көзсіз сенуден сақтанғанымыз жөн.  

Блогтың жоғарғы жағында орналасқан «Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым» деп, авторы Қайрат Рысқұлбеков деп жазылған суретке назар аударған шығарсыз. Осы сурет «Тәуелсіздік күні» мейрамының қарсаңында болсын, жәй күндері болсын әр түлі әлеуметтік желі парақшаларында жарияланып жүр. Ол сөздер Қайраттың «соңғы» хатынан алынған. Ал сол хатта жазылған нәрселер қаншалықты рас? Бұл сұраққа жауап табу үшін төмендегі суреттерге назар аударсаңыз.  Суреттер "Жалын" баспасының 1991 жылы шығарған "Еменнің Иір Бұтағы" атты Қайрат Рысқұлбековке арналған кітапшасынан алынған. Суреттерде Қайраттың «соңғы қоштасу» хаты және соған жазылған документтерге негізделген түрлі болжамдар бейнеленген. Сонда жазылған нәрселерді оқып шықсаңыз, жоғарыдағы суретте жазылған сөздердің жалған екендігіне көз жеткізгендей боласыз.

P.S. Менің бұл блогымның мақсаты Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың ерлігін немесе оның қазақ қыздарына деген махаббатын, оларға қорған болғандығын жоққа шығару емес, тек қана ғаламтор төріндегі ақпараттарға сақтықпен қарайық деген ұсынысымды білдіру болып табылады. 



Бөлісу: