Қазаққа есім жетпей ме?

Қазіргі таңда қоғамымызда, әсіресе өзіміздің қазекеңдерде жігіт пен қыздың есімінен тани алмай жататын кездер баршылық. Осы сөзімді толықтай түсу үшін басымнан өткен бір оқиғаны тілге тиек ете кетсем.

                5 пе, 6 ма дәл есімде жоқ, нағашылап көптен көрмеген анамның әпкесінің үйіне баратын болдық. Кемпір-шалдың қолында тәрбиеленгендіктен бе, мен анамның туыстарына жақын емеспін. Содан өңкей ұл бөлелеріммен танысып шұрқырастық та қалдық).  Олардың ауыл шетінде үлкен қауын еккен бақшалары бар екен. Содан бәріміз арбаға отыра қалып қауын жегіміз келіп бақшаның басына қарай тарттық. Үлкен бөлем:

-          Ал қазір Рауан бөлеңмен танысасың, - деп тағы бір бауырлары барын аңғартты. Мен болсам шыр-пыр болып ұрысам «өңшең соқталдай жігіт жүріп байғұс қызды қарауыл қылып қойғандарың не» деп. Сөйтсем аналарым жата қалып күледі. Сөйтсем мен қыз деп жүрген бөлем нағашы әпкеміздің екінші ұлы екен. Кейде осыны әңгіме қылып күліп аламыз қазір.

Сол секілді тобымда менімен аттас Салтанат деген де ұл бар. Оның басынан өткен оқиғасын естіп ішегім түйіле жаздаған. Расында бұлай кім ойлайды, айтыңыздаршы?!). Мен де алғаш танысқанда ойнамаш, мені мазақтап тұрсың ба деп ренжігем. Бір риза боларым – Салтанаттың әжесі қойған есімді қанша күлкіге қалып жатса да, шыдап, өзгертуге тырыспағаны. Топта да «қыз Салтанат, ұл Салтанат» деп оқытушыларымыз да атап үйреніп алды))).  Осындай, осындай атқабайланысты қызықтар көп қой. Қазір Бекзат, Ләззат, Рауан, Ардақ, Жамал, Жанат, Самал т..б есімдер баршылық қой. Бірақ бұлардың көпшілігі құлақ үйренгендер ғой. Осы есімдердің әрбірінің де өмірінде қызықты оқиға болмауы мүмкін емес. Сонда ойлайтыным: осы сөзі көп қазақта қыз бен ұлдың есімдерін неге бөлмей қояды екен? Жетпей қалатындай...



Бөлісу: