Видео түсіру арқылы ақша табатын жандар.

Видео түсіру арқылы ақша табатын жандар.
жеке
блог

Қазір бұқаралық ақпарат құралдары дамып келеді . Сондықтанда ғаламтор арқылы табыс табу қазір ешкімге ерсі жағдай емес . Бірақ,əлемге əйгіл видеохостинг " YouTube " арқылы ақша табатын адамдар жетерлік екенін сіз білесіз бе?Бүгінгі таңда видеоблог саласы дамып келеді,мысалы ең атақты видеоблоггер Pew Die Pie немесе Феликс Чельбергтің арнасында 42 млн астам жазылушы бар . Феликс видео ойындар жайлы түсірсе,оның жұбы Марция Бисогнин (CutiePieMarzia) қыз-бойжеткендерге арналған сəн сферасымен байланысты видео түсіреді . Жəне олардан басқа əлемге əйгілі Betany Mota, TylerOakley, MirandaSings, MylifeasEva жəне т.б . видеоблоггерлер де YouTube-тің шыңын бағындыруда .

Видеоблог тек ағылшын тілінде ғана түсірілмейді, оны түрік, испан, қытай, тіпті орыс тілінде де түсіретін жандар көп болмаса аз емес . Көрші Ресей елінің ең атақты видеоблоггерінің арнасында 6 млннан астам жазылушы бар . Мұның өзі үлкен жетістік емес пе?Ал осы видеоблог арқылы қалай қаржы табуға болады?YouTube видеоблоггерлерге көрсетілім санына байланысты " айлық " төлейді екен . Мысалы,100 000 көрсетілімге 100 доллар болса, 1 000 000 көрсетілімге 1000 доллар(өкінішке орай мен дəл ме дəл бағасын білмеймін)шамасында қаржы беріледі . Ал егер кей компаниялар өз өнімін жарнамалағысы келсе,блоггерлерге қаржы төлейді,ал олар өз видеоларында сол өнімді немесе компанияны жарнамалайды . Осылайша,видеоблог кей адамдардың жұмысына айналғанына барлығымыз көз жеткіздік . Сіз осы іспен айналысар ма едіңіз?