Футбол туралы
жеке
блог

Футбол туралы

Бұл спорт түрін білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Әлемдегі спорттың көшбасшысы-футбол деп текке атамаса керек. Аталмыш спорттың отаны Англия екенін бірі білсе, бірі білмейді. Еліміздегі ең алғаш футбол командасы 1911 жылы Семей қаласында құрылып бастау алған екен.

Спорт саласы мені қатты қызықтырғаннан кейін алғашқы блогымды футбол туралы жазғым келді. Қазірде футбол туралы білмейтінім көп, бірақ білерім де аз емес. Сіздермен футбол туралы естелігіммен бөліскім келеді.

Мені футбол 2013 жылы қызықтырды десем болады. Жазғы демалысымды өткізу үшін Қарағанды қаласына келген кезім. Ағамның қолқасымен 17 шілде де Қарағандылық Шахтер мен Беларуссияның Батэ командасының кездесуіне бардым. Жаңбырлы күні ешкім бармайтын болар деп ойлғанмын. Жоқ,менің ойлағаным болмады. Стадионда тіпті ине шаншыр жер болмады. Қазақстан деп айғайлаған жан дауыстар бірдей шығатыны соншалық бір үлкен хор іспеттес. Ал Шахтер "гол" салған кезде стадион дүркіреп, бірін-бірі танымайтын адамдар құшақтасып құттықтағанының өзі керемет сәт. Шахтер жеңіске жеткен кез мен үшін үлкен ұмытылмас сәт болды. Сол кезден бері мен футболдың жанкүйері атандым. Футбол шынымен де керемет спорт екеніне көзім жетті.

Мен үшін футбол бір жеке мемлекет сияқты. Сол мемлекеттің президенті Зепп Блаттер десек болады. (Зепп Блаттер-әлем чемпионатының президенті). Футболдың ережелерін, мемлекеттің конституциясы деуге болды. Әр команда үлкен қала секілді. Жаттықтырушысын сол қаланың әкімі деуге болады. Ал ойыншылары сол қаланың тұрғындары. Қалалары жетістікке жету үшін тұрғындары әкім мен бірге жұмыла үлкен еңбек атқарады.

Қазір Челси, Барселона, Бавария командаларының жанкүйермін. Ал Қазақстан командаларының ішінде әрине.Шахтердің үлкен жанкүйерімін.

 

Бұл менің massaget,kz сайтындағы алғашқы қадамым болғандықтан түсінікпен қарайсыздар деген ойдамын. Сіздер кай командалардың жанкүйерісіздер?