"Мұқағали - ғасыр ақыны" атты ақындар айтысы

"Мұқағали - ғасыр ақыны" атты ақындар айтысы
жеке
блог

Ақпан айының 9-ы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың "Жас Отан" Жастар Қанатының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған "Мұқағали - ғасыр ақыны атты" факультет аралық ақындар айтысы өтті.

   Факультетінің намысын қорғап шыққан жас ақындардың сүбелі сөздері мен ақиық ақын хақында төккен жырлары көрерменнің ықыласынан шықты. Үш жұптан құралған алты айтыскер аламан айтыстың көркін қыздырды. Ақындардың аузынан шыққан әр буын мен бунағына әділқазы алқасы әділ бағасын берді. Қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын Қанат Мырзахан, Бердіхан Қазірет және Бостандық ауданы Жас Отан ЖҚ төрағасы Айсұлтан Ерназаров болды.

   Бақталасқан бәсекеде бас жүлдені айтыскер ақын филология факультетінің намысын қорғаған Бірлесбек Саягүл алса, І орынды Ақниет Жұбанышев, ІІ орынды Рамазан Амантай, ал жүлделі ІІІ орынды Имран Жұманазаров қанжығасына байлады. Сондай-ақ "Көрермен көзайымы" номинациясын Жалел Алима, "Дарабоз ақын" номинациясын Сұлтан Сайлау иеленді.

    Ендеше біз өз кезегімізде жүлделі орын иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

                                                                                                        Есентемір Ерболұлы