Нидерланд- еркіндік елі.
жеке
блог

Нидерланд- еркіндік елі.

Көп адамда «Голландия», «Амстердам» деген сөзбен алғашқы ассоциация- әдемі қызғалдақтар, Ван Гог пен Рембрандттың мұражайы, кломп (халық ағаш кебістері) емес. Әдетте ол- кофе-шоптар, гей-парадтар мен "Қызыл шамдар" көшесі. Және олай болуы орынды да шығар))

Голландия- өмірдің ескі құрылымын толық өзгертетін, тірі организм секілді жаңа тенденцияларды жеңіл қабылдайтын ел. Нидерландының билігі өте либералды. Бұл мемлекетте- біржынысты неке, жезөкшелік, анашаның жеңіл 18 түрі, эвтаназия заңдастырылған. Мұндағы биліктің мақсаты- жасырын бизнесті өркендетпей, салық алу арқылы ортақ қазынаға табыс әкелу.

Нидерландтағы толық ерікіндікпен Амстердам ерекшеленеді. Мемлекеттің заңы бойынша әр қала, анашаны заңдастыруына байланысты өзі шешеді. Мәселен Маастрихттада марихуана айналымына тиым салынып, кофе-шоптардың қожайындарына айыппұл төлетеді.

 Анаша

Анаша екі түрлі болып бөлнеді. Жеңіл және ауыр. Жеңіл түріне- марихуана, гашиш жатса, ауыр түріне- героин, экстази, кокаин, ЛСД жатады. Голландида алғаш рет 1928 жылдың 12 мамыр айында анашаның жеңіл түрлері заңдастырды. Кез-келген адам 30 гр дейін марихуананы өзімен алып жүре алады. Бірақ, қоғамдық орындарда қолдануға болмайды.

Көшелерде кофе ішіп, анашаның түрлері ұсынылатын кофе-шоптар орналасқан. Тек қонақтың жасы 18 асу керек. Сондай-ақ, анашаны өсіруге де рұқсат етілген. Алайда өсіруге рұқсат етілген бұтақ саны шектелген. Мәселен 5 бұтақ конопля. Ал, егер адамға денсаулығына байланысты каннабис қажет болса, ол оны рецепт бойынша дәріханалардан сатып ала алады.

 Жезөкшелік

Жезөкшелік- Ниделандта 1988 жылдан бастап заңдастырылған. Бүгінде олардың кәсіподақтары бар. Яғни, олар жалақы алады, салық төлейді, зейнет қорына ақша жинайды. Жезөкшелік- қызмет көрсету саласына кіретін заңды кәсіп.

«Қызыл шамдар» көшесінде жұмыс істейтін барлық әйелдер медециналық тексерістен өтіп тұрады. Бұл мемлекеттегі ЖИТС және басқа да жыныс жолдары арқылы таралатын ауруларға қатысты мәселені шешті. Жезөкшелікті заңдастырғандағы басты плюсы- декриминализация. Көше жезөкшелігіне қатаң түрде тиым салынған. Ал тіркеу арқылы олар мемлекетке қызмет етеді, нақты саны белгілі, жұмыс істейтін жері қадағланады.

 Әйгілі Де Валлен кварталындағы, Қызыл шамдар көшесі- Амстердамдағы туристік атақты жасаған көше. Тарихы- 17 ғасырда жатыр. Ауданда сыра қайнатушылар қаптай бастаған кезде, теңізшілердің бәрі осы жерге келіп отырған. 


 

 Шынының әр жағындағы әйелдерді суретке, бейнебаянға түсіруге қатаң түрде тиым салынған. 

Түсіруге тәуекел еттіңіз бе, онда қолыңыздағы құралыңызды каналға лақтырып жіберсе, ренжімеңіз.

Бұл жерде жұмыс істейтін кейбір әйелдер екі түрлі өмір салтын жүргізеді екен. Күндіз- салиқалы мекеменің қызметшісі, түнде- көбелек.

 

2007 жылы бұл көшеде «Belle» мүсіні пайда болды. Жезөкшелерге арналған ескерткіш Амстердамдағы ең көне Аудерек шіркеуінің жанында орналасқан. Бұл композиция жеңіл жүрісті әйелдерге арналған әлемдегі ресми расталған алғашқы және жалғыз ескерткіш. Авторы голландтық танымал мүсінші Элс Рейерсе. 

(Бір нәрсе есіме түсіп кетті ))) І курста "журналистикаға кіріспе" пәнінен емтихан тапсырып жатқанда, "журналисика - ең ежелгі екінші кәсіп" дегеніме, Сауытбек Абрахманов ескерту жасаған еді.)

Қазір қаланың мэриясы бұл кварталдың имиджін өзгертуге тырысып жатыр. Ондағы үйлер сатып алынып, бордель, кофе-шоптың орынана  галереялар, мейрамханалар мен жас дизайнерлердің дүкендері ашылуда.

Біржынысты неке

1811 жылы, Нидерландта темір жолдың өзі болмаған кезде, (тек 28 жылдан кейін, 1839 жылы пайда болған) билік заңды түрде гомосексуализмді мойындады. Ал, 1998 жылдан бастап біржыныстылардың некесін тіркеуге рұқсат етілді. Ең алғашқы неке 2001 жылдың 1 сәуірінде тіркелген. Рәсімге мэрдің өзі қатысқан екен. Бірақ біржыныстылар өз некелерін заңдастырған алғашқы мемлекет Дания еді, 1989 жылы.

Біржыныстылардың некесін заңдастыруды рұқсат ету арқылы мемлекет, көптеген мәселелерді оңтайлы шешті.

Біріншіден, қазір әлемде халық саны көп. Ал, Голландия онсыз да жер аумағы кішкентай мемлекет емес пе? Картадан қарасаңыз, Қазақстанға шамамен 50 шақты Нидерланд сиятын шығар. Екіншіден, жұптарға бала асырап алу әлдеқайда оңай. Үшіншіден, қаншама адам, жасөспірімдер қоғамның теріс қабылдауынан қорқып, өз-өзіне қол жұмсаған жоқ, психикалық ауытқуға ұшыраған жоқ. Олар өздерін қоғамнан шеттетілген болып сезінбейді.

 Гей- парадтар

Біржыныстылардың махаббаты мен оларға деген қоғамның толеранттылығының сыртқы көрінісінің бірі – атақты гей-парадтар. Бұл шара 20 жылдан бері тап осы мемлекетте ерекше түрде өтеді. Бұрын парадқа тек дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдар қатысса, бүгінде ол барлық қала тұрғындары мен туристер қатысатын ауқымды карнавалға айналған.

Парадтың ерекшелігі- қатысушылар жерде емес, Амстердамдағы каналдарда қайықтарға отырып алып, жағадағы көрермендерге қол бұлғап, билеп, ән айтып өтеді. Парад жыл сайын тамыз айының бірінші сенбісінде ұйымдастырылады. Ал шараны қаланың мэры салтанатты түрде ашады.

 


Эвтаназия

Голландиядағы ең даулы еркіндік, 2000 жылы заңдастырылған - эвтаназия. Бұл барлық әлемдегі жақтастар мен қарсыластар арасындағы тоқамайтын дау болып келеді. Біреулер оны қандай әдемі сөзбен атасақ та, бұл процедураны еуропаның керемет деген ауруханасында жасасаң да- өлтіру болып саналады дейді. Екіншілер, бәрібір өмірі жақын арада үзілетін, емделмейтін ауруға ұшыраған адамды қиналдыруға бола ма? дейді.

Еркін мемлекеттің тағы бір ерекшелігі- судағы жылжымалы үйлер




Тұрақты өмір сүруге арналған, канализациямен, суқұбырларымен, жарықпен жаблықталған және мекен-жайы, үй деген ресми статусы бар жүзетін үйлерді, хаусботы деп те атайды. Бастапқыда олар жер салығы қымбат болғандықтан пайды болған еді. Ал, бүгінде мұндай үйді иелену үшін қомақты қаржы болу керек. 

Үй-кемелер Амстердамнан басқа, Гамбург, Берлин және Лондонда да бар. Мұндағы тұрмыспен танысу үшін, туристер жүзетін қонақүйден номер брондай алады. 

Голландияда бұдан өзге, тарихи, мәдени жерлер: театр, мұражай, ескерткіштер көп.