Массагеттегі алғашқы қадам!
жеке
блог

Массагеттегі алғашқы қадам!

Сәлеметсіздер ме, экранның ар жағында отырған оқырман қауым. Менің есімім - Жанэля. 9 сынып оқушысымын. Иә, барлықтарыңызға осы секілді блогтарды көру үйреншікті нәрсе шығар, бірақ мен үшін бұл алғашқы қадам! Себебі, болашақ мамандығым журналист болмақ, дегенмен бұл әзірге өзімнің ойым. Сондықтан да, осы сайтқа блог жазу арқылы сөздік қорымды кеңейтіп, аз да болса тәжірибе жинасам деймін. Өзім де бұрыннан бері осында мақала жазып жүрген қаламгерлерге қызығатынмын, ал бүгін өзім де осы істі бастағалы отырмын. Жазған мақалаларым ұнайды деген ойдамын, егер қателік кетіп жатса сыныңызды тыңдауға дайынмын.