Мағира Қожахметова (арнау)

Мағира Қожахметова (арнау)
жеке
блог
Құтты болсын,жетпіс жасқы арай күн,
Жүзіңізден күлкі іздеп қараймын.
Туылған күн құтты болсын мереке,
Назарында болыңыз TEK талайдың!

Жыламаңыз,тек жымиып күліңіз,
Қуанышқа толсын сіздің жүзіңіз.
Қуаныш пен бақыттан ғана жастанып,
Жылай берсін,мөлдіреп екі көзіңіз!

Әдемі жүз,қиылған көркем қасыңыз,
Ақпаса екен бұдан былай жасыңыз.
Жетпіске келіп қалыпсыз міне бүгін де,
Осылай енді жүзден де өтіп асыңыз!

Байқадым мен,мейірімді жүзіңізден,
Құштарлықты,екі бірдей көзіңізден,
Сіздей жандар көбейсе,қуанар ем,
Мақсатым енді,үлгі алу өзіңізден!

Жетпіс жас та,талай жастың шуағын,
Келтіріп тұр,өрнектелген құрағын.
Өлең жазып тұрмын сіздей адамға,
Лайық емес болар бәлкім шумағым!

Жаздым бірақ,шын тілеген тілекпен,
Жаздым бірақ,күшке толы тірекпен.
Тіледім сізге өмірдің бар бақытын,
Қабыл алыңыз,осыны шын жүрекпен!!!