Косметиканы реттестіріп қояйық

Боянатын үстелде

Әдемі құтылар мен қораптарды тастама - қажет болып қалуы мүмкін.

Далап пен тушь. Хош иістендірілген майшам соңына жете бастағанда, астындағы шыны құтысын тоңазытқышқа бір түнге қой. Таңертең қалған балауызды оңай шығара аласың және далап, сүрме, қарандаш пен шашақтарды сақтауға арналған әдемі құты аласың.

Опа мен көз бояулары. Оларды қағаз қыстырғыштың мөлдір қорабында сақта.

Тырнақ бояулары. Олар кішігірім сыйлық қораптарында жақсы көрінеді.

Әшекейлер. Стақандар мен сәндік тәрелкелерді сырғалар мен сақиналарды сақтауға пайдалан.

Иіссулар. Парфюмерлік топтамаңды тортқа арналған сүйемелге жайғастыр.

Айна арты

Стақандар мен вазалар және біраз қиял қоссаң - ваннадағы шкаф біраз ретке келеді.

Ерінге арналған бальзам. Әрдайым жоғалып қалатын заттар қатарында. Енді олардың өз орны бар - аласа домалақ ваза немесе шырын стақаны.

Дәрумендер. Шкафтың қабырғасына металл жапырағын желіммен жабыстырып (құрылыс материалдары дүкеніне баруға тура келеді), ал кейін дәрумендерді (шаш буғыштар және т.б.) магнитті қорапқа салып қой. Сөреде біраз орын босайды.

Тырнаққа арналған егеуіштер мен қысқаштар. Оларды биік мөлдір стақанда сақта. Тез арада маникюр жасау үшін қажет.

Щеткалар мен пасталар. Барлық стамотологиялық құралдарды ұзын әйнек немесе қаңылтыр құтыда тігінен және дымқыл жерлерден алыста ұстаған жөн.

Артық орын. Мөлдір немесе ағаш қораптардың көмегімен қосымша мини-сөрелер жасауға болады.

Қол жуғыштың асты

Щетка, тарақ пен жеке гигиена заттарын түрлі-түсті қораптарда сақтауға болады.

Дәретхана қағазын тоқылған кәрзеңкеге салып, металл төсеменің астына қой.

Құпия заттар. Жеке гигиена заттары көлемді жарқын косметика сөмкесіне салып қой.

Щеткалар, мусс, көпіршіктерді түрлі түсті кашпода сақтаған дұрыс.

Фен мен шаш бұйралағыштарға журнал салатын қораптар керемет жарасады.

Ұсақ-түйектер. Жабыстырылатын ілгіштерді шкафтың қабырғасына жабысытырып, шаш резеңкелері мен бауларын, тарақтарды іліп қойсаң болады.

Тағы бірнеше мысал

Той-думандарға арналған декоративті косметиканы күнделікті косметикадан бөлек сақта - сонда шатаспайсың.

Үлкен банкаларды (сұйық сабын, денеге арналған май, шаш шайғыш) дөңгелек төсенішке салып, қол жуғыштың астында сақта.

Есікке шарап бөтелкелеріне арналған құрылғыны іліп қой - орамалдарға арналған сөре шығады.

Аяқ киім ілгішін ваннаның есігіне іліп қойып, қалтасына шашқа арналған құралдарды сала аласың.

Алғашқы жәрдем дәрі-дәрмектерін арнайы қорапта сақта.



Бөлісу: