Қызғалдағым

Қызғалдағым
жеке
блог
Қу далада өзім терген қызғалдағым,
Маңдайыңнан жел сипаса қызғанамын.
Жел ұшырып тамыр қалып жердедағы,
Жалаң жерге қарым түсіп сыздағаны.

 

Көзден ақса мөлдір тамшы жасыңдағы,
Жібіп кетер жүректегі тасымдағы.
Дауыл соғып сол күндерде құласамда,
Жүре берсем күресіп-ақ қасыңдағы.

 

Кеттім сол күн ауырласып басымдағы,
Уды бермейм десіп саған асымдағы.
Сағынамын бұл күн тек бір күлісіңді,
Түсіретін бар қырауды қасымдағы.

 

Бейнең ерек, өзің ерек Перизатым,
Арылып-ап балалықтан кері жаттым.
Аңсауменен қолыңдағы жылуыңды,
Арам у мен, қайғы-құса бәрін таттым.

 

Іздеп келем құйып берген саумалыңды,
Көзәйнекпен қара көзді жауғаныңды.
Гүлдер гүлдеп, қайта түлеп талайдағы,
Араладым кездесер деп бауларымды.

 

Енді тапқан боларсың сен бақытыңды,
Бақытты бол! Жібермей-ақ уақытыңды.
Ажал келіп, қайта тусам қияметте,
Сұрармын-ау бір Алладан бақ-құтымды.

 

ТӨРЕХАН Арыстан