жеке
блог

Мен қалай ХҚТУ-дың магистранты атандым?

Неге екенін білмеймін ҚазҰУ-ды бітіргенше асықтым. Алды-артыма қараймай Алматыдан қашқым келді. «2-3 курстағы мен міндетті түрде ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің магистранты атанамын» деген арманым өзінен-өзі ғайып болды. «Магистратураға тапсырасың ба?» деген сауалды қойған жандарға, кесіп тұрып «Жоқ» деп тіл қататын болдым. Жұмысыммен қош айтыстым. Алматыдан кетер алдын болып тұрған екі жұмыстан бас тарттым да, дипломды ала сала ауылыма қарай тартып тұрдым. Бірақ, мұндай болуына өзіндік кей себептер де бар еді. Албасты бір ой пайда болды. «Өзіме-өзім болды осымен жетер, енді оқуды айтпаңдар деп әңгіме айттым». Туған жерге келе сала бұл ойымның дұрыс еместеу екеніне көз жеткізе бастадым. Мен екі жол айрығында тұрдым. Қай бағытқа жүрерімді білмедім. Таңдау жасау қиын болды. Не таңдау екеніне тоқталғым келмейді. Қайтсем болады деп көп жүрдім. Бір жағынан оқуды қойшы дегеніммен оқуды қия алмадым, бір жағынан біреуге берген уәдем бар еді. Не болсада алдымен «разветка» жасайын дедім. ҚазҰУ-ға сәл ой кетті. Бірақ, онда магистратураның кқпшілік орындары сатылатын болды. (Осы жерде маған ешкім өкпелемесінші, ешкімді жамандағым келмейді, проста шындық та. ILS болмаса осындай да). Несін жасырамын қолымда жинаған ақшам болды, бір орын сатып алсам ия деген ой келді. Бірақ, тағы да сол уәде бар. Оның үстіне «ой қойшы, ақша бергім келмейді» деп бір қитыңдадым. Сонымен, ақыры орынды алмадық. Содан «а давай Түркістанды көреміз» деп туыстарыма айтып едім. Бәрі бірденнен «О Боже онда оқымай-ақ қойшы» деді. Бірақ, о бастағы уәдем болғасын ешкімнің көңіліне қарамай не болса да осы жерді көремін деп кесіп айттым. 

сұрақ

Шілденің қайнаған күнінде құрбымды магистратураға тапсыртуға көндіріп Түркістанға тартып тұрдым. Ол жақта журналистиканың магистратурасы жоқ екенін білдім. Уәдем уәде филология болса, филология деп кестім. Күн жанып тұр. Құдай біледі бір алпыс градус бар-ау. Тапсыру үшін қандай құжат керек екенін біліп, оны шиқ етіп суретке түсіріп алдық. Бірақ, біздің проблема ол емес. Біздікі бір мамандықтан екінші мамандыққа тапсыру үшін «разница» тапсырады екенсің соны білу. Тіркелу уақытының бітуі жақындап қалған. Мұрынның ұшына келгенде тапсыра салайын деген ой келгесін осы ғой. Ешкіммен ұрыспай татулықпен тірлігімді тәмамдаймын деп өзіме сөз бергем. Қайдағы үш жерге барып сандалдық, ешкім ештеңе білмейді. Мені қойшы құрбымды аяп кеттім, аузы ораза, күн ыстық, аяқ талды. Болды үш мүмкіндік кетті, енді көреміз дедім. Деканның орынбасарына қайта келдік. Жауап қатпағасын ашуландым. Сөзімнің түрі: «Сіздер бізді өзі адам көресізде ме? Біз оқуға тапсырып, оқуға келдік. Ештеңе білмесеңіздер орындарыңызда неменеге отырсыздар? Осы Түркістанның адамдары бірдеңе біледі ме өзі?» деп басталды. Содан ойбай қарындас ашуыңызды басыңыз. Болды келіңіздер отырыңыздар деп жайғастырды. Екі-үш күн бойы «разница», емтихан мәселесімен жүгірдік. Он пәннен емтихан тапсырдық. Шын айтамын ағылшынға мүлде дайындалмадым. 3-ші курста қойып кеткен ағылшыным сол күйі қойып кеткен болды. Себебі, менде шынымен түсуім керек деген ой болмады. Дайындалудың орынына той тойлап жүрдім. Сыныптас құрбым тұрмысқа шығып соның жанында болдым. Одан қалға қыз жолдас болып үш күн тойда жүрдім. Аяқ деген кеткен, ұйқы қанбаған. Тойдан екі жарымда қайттық. Таңертең сағат 8-де ағылшыннан тест. Төртке таяу ұққыға жаттым. Таңертең 6-да тұрдым. Бастағы прическа жуылмаған. Не керек жол жүріп тестке кірдік. Сіздерге өтірік, маған шын өміріде еш қобалжымай, уайымдамай, мүлдем бейқам кірген емтиханым осы болды. Орысша айтқанда «пофиг». Тест басталды сұрақтары әжептәуір. Ито мүлде ағылшының бұрынғы күйінде тұр. Отырдым білетінімді жаздым. Ұйқы қысып, шаршағаным енді шығып жатыр. Не болса да ішімнен «оңбаған той тойламай, дайындалуым керек еді, түспей қалсаң өз обалың өзіңе деп күңкілдедім». Құрсын тестен шықтық. Құрбым аузын ашып жіберіпті, тамақ іштік. Жауабы түсткен кейін шығады дегесін күте салайық деп кола ішіп отырдық. Ал сағат бес болды. Нәтиже шықты. Фамилиямды іздеп тұрмын. «Мәссаған, Алланың құдіреті бағым бар екен, өттім». Өттім деп құрбыма айттым. Ол бірақ, өтпепті. Сонымен қайттық. Кейін «спец. пәннен» емтихан тапсырдым. Жан жағыма қарасам, біздің мамандықта үш қана адам отыр. Сөйтсем, бәрі ағылшында қырылып қалған екен ғой. Сонымен күндер өтті, түндер өтті. Нәтиже шықты. Мемлкеттік грант ұтып алғандардың тізімінен өзімді көрдім. Бір жағынан қуандым, бір жағынан бір түрлі болдым. Не болса да уәдемді орындадым дедім іштен. Ол мәз... Кейін әдеттегідей қуанышммен әлеуметтік желі арқылы бөлістім. Осылайша ХҚТУ-дың магистранты атандым.

Айтпақшы көпшілікті қызықтыратын сұраққа алдын ала жауап берейін. ХҚТУ-дың магистранты атану үшін неше ақша бердің? Сенсеңіз де, сенбесеңіз де еқшандай! (Өзім үшін жауап берудемін, өзгелерде шаруам жоқ) Өзіңіз ойлаңызшы егер ақша беретін болсам еліміздегі нөмірі бірініші не болмаса екінші оқу орындарын таңдайтын едім ғой. 

P.S: Түсінгенім кейде ұрыспасаң тірлік бітпейді екен. Бұйырған кетпес, қуған жетпес. Өмірде адамның дегені емес, Алланың дегені болады!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі