Анасын көрмесе де...

Анасын көрмесе де...
жеке
блог

Бұл роман өзім үшін аса қызық болмаса да, оң ой түюіме септігін тигізген еді бір кездері. Ойландыратын дүниелері көп. Жігерлердіретін сөздері де жеткілікті. Сонымен Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы.

* - Әуелі келісіп алайық: сіз еш нәрсені жасырмаңыз, мен еш нәрсе қоспайын.

- Жоқ, сіз еш нәрсе қоспаңыз, мен еш нәрсені жасырмайын...

* «Жаман дос – көлеңке» деп әлдекім дұрыс айтқан ғой деймін.

* Ауыл түн болса-ақ түгелімен ұйықтайтын еді. Қала олай емес сияқты.

* Көңіліңді қалдырған адамның да, көңіліңді босатқан адамның да қасында ұзақ тұра алмайды екенсің.

* Жалғыздық жасқаншақ та етеді, жаужүрек те етеді.

* Туған анасын көрмесе де, шешесін сағынбайтын бала жүрегі болмайды.

* Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, - деді ағай біраздан кейін. – Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!

* Өмір ұрланып өте беріпті, біз алаңсыз өсе беріппіз.

* Жас ұлғаюға ұмтылса, ұлғайып кеткендер жасаруға тырысатын белгілі әдет бар ғой, мен соның алғашқы тобындамын.

* Қазақ әндері адам сезімінің әр түрлі толқынын ажарлы ырғақтармен көкейіне терең құйып кетеді. Қайғы мен өкініш, уайым мен мұң, үміт пен қуаныш сияқты сезім толқындары түптеп толғанады. Әсіресе, әр әннің түп ізі ел аузынан әлі кетпегендіктен, тыңдаушыға түсінікті болып, әркім ішінен қосылып отырады.

* - Ұлы сезімді ұсаққа айырбастау, ұлы адамдарға өзімізді теңеу, надандық белгісі! Қасиет қадірін кетірмеу керек!-дейтін.

* «17-ге келдің, не бітірдің? –деймін өзіме-өзім. -Жақсы-ақ, 7 жылдықты бітіріпсің. Өте жақсы! Бірақ, «Өте жақсыны» маңдайыңа жапсырып жүремісің? Одан арғың не болмақ?».

* Қолыңнан келеді, істей аласың, деп алға сүйрейтін бір адам болады да, істей алмайсың деп, ерегістіру, қайрау арқылы сүйрейтін бір адам болады. Бұл екі түрлі мінез, екі түрлі адам, бірақ тілектері бір. Бірі жаныңа жайлы тиеді, бірі қатал тиеді.

*Күрес – аспанда да, жерде де, суда да күрес. Есептеспей ерлік істер жан «жаумен санасып соғыспайды!» депті...

* Ана үшін бала – қашан да бала.

* Кекпен қарасын, үмітпен қарасын, әйтеуір көрші елдің көзі ала бағанда екенін біз күнде көреміз.