Журналистика Қысқы мектебі өтеді

Журналистика Қысқы мектебі өтеді
жеке
блог

2016 жылдың 5-7 ақпан аралығында  «Симбиоз шешім: интернет және сандық сауаттылық» тақырыбанда  IІI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі ұйымдастырылмақшы. Аталмыш шара Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде өтеді.

Ұйымдастырушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы. Сонымен қатар медиа мектеп жұмысына Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдау көрсетіп отыр. Қысқы мектепте үш модуль  «Ақпарат және медиа», «Жаңа және дәстүрлі медиа», «Интернет-сауаттылық» бойынша дәрістер тыңдалады.

Медиа дәріскерлер қоғамға белгілі журналистер, ғалымдар, теле жүргізушілер, IT мамандардан құралған. Олардың қатарында саясаткер, журналист Әміржан Қосанов, «Инвесторлар Альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Азаматхан Әміртай, белгілі журналист, зерттеуші Есенгүл Кәпқызы танымал тележурналист Қанат Әуесбай, депутат Мұрат Әбенов, жазушы Хадж Басель, ғалым әрі суретші Дмитрий Шорохов тағы басқалар болады.

Толығырақ әлеуметтік желілерден #‎ҚМ2016 хэштегтерінен ақпараттар таба аласыздар. Сондай-ақ winterschoolkz@gmail.com  почтасына хат жолдауға болады. Курсқа қатысушылардың барлығына біліктілігін арттыру туралы куәлік беріледі.

 Әйгерім Әлімжан