Жаңа жылда-жаңа бастама!!!
жеке
блог

Жаңа жылда-жаңа бастама!!!

Сәлеметсіздерме,"Массагет"порталының қонақжай тұрғындары!

Мен осында тіркелгеніме 3 жыл болыпты.Бірақ осы жылдар ішінде тек мағыналы,қызықты блогтарды сырттай оқып жүріппін,тіпті пікірде жазбаппын-ау!Әйтеуір,"массагетке" кірсем болды бәрін оқымай шыға алмаймын.Ауылға барсам компьютермен,ал қалада ұялы телефоныммен  кіруге асығам.Сіздердің жазған әрбір ойларыңыз,кеңестеріңіз күнделікті өмірге қажет екені анық.Сол себепті,мен үшін ең керемет сайт "Массагет" деп айтар едім.Ойлап қарасам,2013-жылдың тамыз айынан бастап тіркелген екенмін.Қаншама рет жазуға оқталсамда,бірақ белгісіз бір күш жібермейтін.Мүмкін,оқырманға ұнамай,жағымсыз пікір жазылатындай,қорқатынмын.Ал,енді өз-өзіме сеніммен қарап,өзімше блог жазуға кірістім)

Жаңа жылда-жаңа бастама,блог жазып үйрену.Менің мамандығым мүлдем басқа сала болсада, "Массагет" мені тамаша блогтарымен баурап алды.Бала кезімде журналист болуды армандайтын едім,міне,сол арманыма жетсем деймін.Әрине,сіздермен бірге.Қазіргі кезде өзге саланын маманы болсамда,бала арманым әліде ойымда,жүрегімде.Журналисттерді көрген кезімде,дәл солар сияқты болғым келіп,қиялға ерік берем.Бірақ,білім алған,дипломы қолымда жүрген мамандығымда ұнайды.Айтайын дегенім,осы жыл яғни,2016-жылға алдыма үлкен мақсат қойдым.Күш жігерімді бойыма жинап,"блог жазсам ба?"деген ойға келдім.

Жаңа жылға бастаған жаңа арман-мақсатым оңынан болғай!Мешін жылынан күтерім көп.