Сайлаумен басталып,Девальвациямен аяқталған "Қой жылы"!

Сайлаумен басталып,Девальвациямен аяқталған "Қой жылы"!
жеке
блог

Өткен жылға өкпе жоқ,келер жылдан үміт көп. 
Иә,міне өміріміздің тағы бір 365 күні аяқталып қалды.Енді жылды қорытындылап,барлық уайым,қайғы,өкініш,мұңды осы жылға қалдырып,келесі жылға нық сеніммен және тың күшпен баруымыз керек. Қой жылының бізге алып келген қуанышы мен қайғысы да жетерлік.Ал,енді жақсы,елеулі құлаққа жағымды естілетін жаңалықтардан бастайық. 

Керей мен Жәнібек негізін қалап Нұрсұлтан жалғастырып жатқан Қазақ Хандығы! 

Қазақ Хандығының 550 жылдығынан бастамасам болмас.Дүркіретіп тойладық тұтас бір ел болып бұл тарихи датаны!Керей мен Жәнібек бабамның рухтары бір қуанып қалған болар. 

Ешкім де ұмытылмайды,ештеңе де ұмытылмайды! 

9 мамыр күні,Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік.Астанада жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтті.Жыл сайын қарттарымыз азайып баруда,сол үшін бар қарттарымызды қадірлеп соғыс жылдарын,соғыс батырларын ешқашан және ешуақытта ұмытпауымыз кажет 

Қайтадан сайланған бұрынғы елбасы! 

26 сәуір күні өткен еліміздің тарихындағы бесінші президент сайлауы болып өтті.Бұл сайлауда әрине,біздің Нұрсұлтан атамыз қарсыластарына шаң жұқтырмай 97,75% пайыз көрсеткішпен басып озды. 

Тоқтар мен Талғаттың ізін жалғаған Айдын! 

Алақай,біздің қазақ тағы да ғарышта!!! Тоқтар Әубакіров пен Талғат Мұсабаевтардың ерлігін қайталау тағы бір қазақтың қолынан келді,міне енді тарихта Айдын Айымбетов деген ат мәңгіге қалары сөзсіз. 

Велосипедтен түстік,енді қайда? 

9 тамыз күні,Алматы жұртшылығына қаланың жаңа әкімі Бауыржан Байбек таныстырылды. Ол 2008 жылдан бері Алматыны басқарып келген Ахметжан Смағұлұлы Есімовтың орнына қойылды.Бауыржан екінші Иманғали бола алар ма екен?Оны уақыт көрсетеді. 

Астана,Қайрат,Геннадий! 

Спорт жағынан да осы жыл тосын сыйлықтарға да толы болды.Ел чемпионы «Астана»,Чемпиондар Лигасында топтық кезеңге дейін жетіп!(бұрын соңды болмаған оқиға) өз алаңында мүлдем жеңіліп көрмеді.Ал Алматылық "Қайрат" топтық кезеңге өте алмасада Кәрі Кұрлықты біраз шулатып келді.Алматыда бәрі футболмен "ауырып" халықтың командасына қолдау көрсетіп жатты.Француздардың "Бордо" командасымен ғана жеңіске бір қадам жетпей қалды. 
Майқұдықтың Генасы!2015 жыл Генаға да табысты болды,себебі ол осы жылы үш кездесу өткізіп,оның үшеуінде де жеңіске жетті,және де оның кездесулер статистикасы:34 кездесу,34 жеңіс.Керемет көрсеткіш!!!Көз тиіп қалмасын біздің Генаға! 
Жақсы жаңалықтардан,құлаққа түрпідей тиетін ауыр жаңалықтарға көшсек. 

Қадіріңді кеш түсінген қазақтың Батыры! 

29 сәуір күні таңертен бүкіл қазақ жұртын дүр сілкіндірген Мәскеуден суық хабар келді.Өмірінің 52-щі жылында жүрек талмасынан,қазақтың атын Мәскеуде жүріп бүкіл ТМД-ның көзайымына айналған Батырхан Шүкенов дүниеден озды,тым ерте. Жатқан жері жайлы болсын қазақтың Батыры! 

Құлдыраған Теңге,Күшейіп бара жатқан доллар! 

Тамыздың 20сы қарапайым халық ұйқыларынан шошып оянғандай болды,себебі қазақ тарихында бесінші девальвация(теңгенің құнсыздануы) болды.Ол кезде адамдар желтоқсанда не боларын әсте білмеген болар?Қанша еді 339 ба? Тұрсынбек айтқандай:Әй,құрысыншы сол доллары,өзіміздің төл теңгемізбен есептесейік барлық нәрселерге. 
Қорытындысына келер болсақ,үңіле бергім келмеді ауыр,қайғылы суық жаңалықтарға.Келер жылы мүлдем жаман жаңалықтар жоқ болса екен деп тілейік.Ел-жұртымыз тыныш,патшамыз аман болып,тек қуаныштарымыз көп болсын!!!