"Өзім-сценарист, өзім режиссер" (блог эстафета)

"Өзім-сценарист, өзім режиссер" (блог эстафета)
жеке
блог

Сәлем МАССАГЕТтіктер. келе - жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, шаттық сыйласын. Массагеттегі биылғы жылғы түлектерге (өзімеде) 125 балл, және Жоғарғы Оқу Орнының ақысыз бөлімін тілеймін."Өзім-сценарист, өзім режиссер" эстафетасының кезекті жалғастырушысы мен. Бұл дәстүрдіҚарлыға Бүйенбай бастап, одан Назым Сапарова жалғастырып эстафета таяқшасын маған ұсынған болатын.

Эстафетамыздың шартымен таныстырып өтейін: 
1. Эстафетаны қабылдаушы адам фильм желісін жалғастырады. Өз ойынан жаңа кейіпкер қосуына болады. Бірақ бұрынғы кейіпкерлер қалып кетпегені жөн. 
2. Қысқа етіп қайырасыз ба, ұзақ-сонар етіп жазасыз ба? Мұның бәрі өз еркіңізде. 
3. Өзіңізге тиесілі бөлікке шытырман оқиғаны кірістіруді ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, фильмнің атын да өзгерте аласыз. 
4. Және эстафетаны бір күнне кешіктірмей келесі бар адамға табыстап отырайық.

Баяғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда Қасым атты сұлтан өмір сүріпті. Сұлтанның ханшайымы өте көрікті, айналасындағыларға асқан мейірімді жан болыпты. Екеуінің 3 баласы болған екен. Үлкені Бегімсұлтан есімді ханшайым өзі бауыры мен сіңіліне қамқор болып қана қоймай, ерке болып өседі. Барлық мереке мен мейрамды жақсы көрсе де, ішінде Жаңа жылды ерекше атап өтеді. Әсіресе Аяз атаға хат жазып, оның орындалуын асыға күтеді.
Бегімсұлтанның биыл Аяз Атаға айтқан арманы бәрінен ерекше болды. Ол жазған хатын поштаға салып жібереді. Бірақ, Аяз Ата ауырып қалып, оның немересі Аяз би Бегімсұлтанның хатын оқиды. Ханшайымның арманын орындауға Аяз би жолға шығады. Жолда ол өзі ойламаған оқиғаға тап болады.... 
 Ол Жамандық перісінің жаңа жылдық безендірулерді  жойқын ғаламат күшпен жайпап жатқандығын көреді. Жамандық перісі жанына келген кейіпкерлердің барлығын өзінің күшімен мұз етіп қатырып жатады, тіпті ең керемет сиқыршының да күші жетпеді. Оның мақсаты ғаламға тек жамандық орнату, адамдардың ізгілікке толы сана - сезіміне  тосқауыл болып тек бір бірлеріне дұшпан ету, және жаңа жыл деген мерекені түпкілікті жою. Себебі ол Аяз ата мен оған жазған хаттардың орындалатына күмән келтірді. Тіпті, жамандық перісіне жақындап оны тоқтатуға Аяз бидің де қауқары жеткіліксіз болатын. Бірақ, аз уақыт аралығында бұл қорқынышты жағдайды тоқтатпаса Жамандық перісінің мақсаты іске асатыны белгілі еді. Аяз би барлық күш - жігерін  жинап қарсы шықса да шамасы келмейтінін түсініп ойлана келе жамандықты тек жақсылықпен ғана жеңуге болады деп тұжырымдайды да өзінің жақын досы Аққалаға  Ертегілер елінен Жақсылық перісін шақыруды бұйырады...     

Осымен мен ертегіні үзіп эстафетаны Малик Сейтбек ге тапсырамын. Ал ендеше сәттілік!