Бірлігіміз жарасқан, көз тимесін еліме

Бірлігіміз жарасқан, көз тимесін еліме
жеке
блог

Қазақстан

Бірлігіміз жарасқан, көз тимесін еліме

Қуанышпен қайғысында бірге көреміз,

Тоқшылықта көңілмен көз тойдырып келеміз.

Тәуелсіз елде еркін өмір сүреміз,

Сен, Мен, Біз.

550 жыл өшпейтін тарихымыз бар,

Бір-біріне мейіріммен қарайтын халқымыз бар.

Өз ұясын қорғап жүрген Ел басымыз бар,

Бейбіт өмірдің мекені Қазақстан.

 

Қайырмасы: 

Алау жеңіс отың сөнбесін,

Мәңгі даңқын елім төрлесін.

Ұрпақ болашағын өрлесін,

Бірлігіміз жарасқан көз тимесін еліме,

Бірлігіміз жарасқан көз тимесін еліме.

 

Мақтанамыз көк туымыз биік тұрса өзге елден,

Көздеріне қуаныштан жүрек тулап жас келген.

Сабырлықпен сеніммен арманына жеткен,

Сен, Мен, Біз.

Жан тәніңмен отанды сүй туған анандай,

Кір келтірме аялап жүр туған балаңдай.

Құшағында кең жайылған дархан даламдай,

Нағыз жұмақ мекені Қазақстан.

 Қайырмасы.